• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

ТАРАЗДА ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ ҒАЗИЗ БАЙТАСОВҚА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

17.03.2021
0
ТАРАЗДА ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ ҒАЗИЗ БАЙТАСОВҚА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ
659
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

 

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде аты аңызға айналған, өрлігі мен ерлігі жүрегімізде мәңгі сақталған полиция капитаны Ғазиз Байтасов 50 жасқа толар еді. Ержүрек полицейдің есімін қазақстандықтар, әсіресе жамбылдықтар ешқашан ұмытпайды. Бүгінде өзі оқыған мектеп, облыс орталығындағы көше батырдың атымен аталады. Полиция департаментінің алдына Ғазиз Байтасовтың бюсті орнатылған. Жыл сайын полиция капитанының туған күнінде және өз басын құрбан ете отырып, қауіпті террористті тоқтатқан күнінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері түрлі еске алу шараларын өткізіп келеді.

Алдағы сәуір айының басында облыс орталығындағы «Жеңіс» саябағында полиция департаментінің бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен Халық қаһарманына ескерткіш орнатылмақ. Бүгін билік және құқық қорғау органдары өкілдерінің, депутаттар мен батырдың туыстарының қатысуымен ескерткіштің іргетасы қаланды.

— Ғазиз Байтасов «Халық қаһарманы» жоғары атағын алған бірінші және жалғыз полицей болып табылады. Біздің бастамамызға қолдау білдіргені үшін облыс және Тараз қаласының басшылығына шын жүректен ризашылығымды жеткізгім келеді, — деді полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов.

— Мен өзімнің және балаларымның атынан Ғазизді еске алушылардың барлығына, ең алдымен оның әріптестері мен жергілікті билікке алғыс айтқым келеді. Бізді әрқашан ұмытпай, елеп, ескеріп, көптеген іс-шараларға құрметті қонақ ретінде шақырып отырады. Ал «Жеңіс» саябағынан ескерткіштің ашылуы оның жанқиярлық ерлігінің лайықты бағасының және көрсетілген құрметтің тағы бір көрінісі деп білемін», — дейді батырдың жесірі Гүлжамал Тәжиева.

Батырдың мерейтойына орай ашылатын ескерткіш халқымыздың және оның батыр перзенттерінің ерлігі мен өрлігінің нағыз символына айналмақ. Өйткені, Ғазиз Байтасовтың өнегелі ғұмыры – еліміздің өскелең жас ұрпағы үшін жарқын үлгі. Аталған ескерткіштің ашылуы ағымдағы жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойын атап өтетін азат елдің тарихына алтын әріптермен жазылары сөзсіз.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: ҒАЗИЗ БАЙТАСОВескерткішЖамбыл

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты