• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:28
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының шаруаларымен кездесті

turan_admin turan_admin
11.09.2020, 11:06
Жаңалықтар
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының шаруаларымен кездесті
145
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында егіс алқаптарын аралап, «Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасы» ЖШС-ның астық жинау барысымен танысты.

Президентке егін орағы науқанының соңғы кезеңі туралы ақпарат берілді. Бүгінге дейін өңірде дәнді дақылдардың 3,1 млн гектары немесе 76% жиналған, өнімділігі әр гектардан 10 центнерден айналып отыр. Астық жинауға 9100  комбайн жұмылдырылған, жуық арада дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталады.

Сонымен қатар Mемлекет басшысына өңірде жүзеге асырылып жатқан мал шаруашылығын дамыту, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру, ауылшаруашылығы техникасын құрастыру жобалары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесуде аграрлық саланың табысты дамуы, жалпы ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі фактор екенін атап өтті.

– Қостанай облысының экономикасы жақсы дамып келеді деуге болады. Болашақта бұдан да жақсы болатынына сенемін. Алдымызда маңызды міндеттер тұр. Экономикамыз пандемия салдарынан болған сынаққа төзе алды. Биыл өнім жақсы екені көрініп тұр, – деді Мемлекет басшысы.

Диханшылар Президентке ауылдарда жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары мен игі бастамалар, сондай-ақ әлеуметтік мәселелердің біртіндеп шешімін тауып жатқаны туралы айтты.

– Осы жылдың ішінде ауылшаруашылығында да, индустрияда да едәуір жетістіктерге жетуіміз керек. Әсіресе, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу аса маңызды. Тұрғындардың әрқайсысы бізден нақты мәселелердің шешімін күтуде. Менің тапсырмама сәйкес Үкімет қазіргі уақытта осы мәселелермен айналысуда. Үкімет Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспар қабылдады. Табысты болады деп есептеймін, бірақ бірлесіп жұмыс атқару керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесуде шаруалар өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу және экспорттау мәселелерін көтерді.

– Өнімді өндіру үлкен мәселенің бірі әрі негізгісі болса, енді оны нарыққа шығару да маңызды. Үкімет осы мәселелермен айналысуы тиіс. Қазір біз Еуразиялық экономикалық одақ аясында нақты мәселелерді шешумен айналысып жатырмыз. Қараша айында Президенттердің басшылығымен шекаралас өңірлердің басшыларының аймақтық кездесуі өтеді. Пандемияға байланысты қандай форматта өтетіні белгісіз, бірақ өтуі тиіс. Жалпы ЕАЭО аясындағы интеграцияны дамыту бойынша біздің бағытымыз өз күшінде, – деді Президент.

Коронавирус індеті салдарынан туындаған қиындықтарға қарамастан, диханшылар өндірісті сақтап қана қоймай, оның көлемін арттыра алды. Президент еліміздің азық-түлік қорын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар үшін ауыл жұмысшыларына ризашылығын білдіріп, жиын-терім науқанын уақытылы аяқтап, мол өнім алуларына тілектестік білдірді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

02.09.2026, 13:00
Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

19.08.2026, 15:16
«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41
Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

05.08.2026, 16:32

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.