Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті
жанындағы арнайы мониторинг тобы БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері мен депутаттар құрамымен күнделікті негізде дәріханалар мен медициналық мекемелердің дәрілік заттарды жоғары бағамен сату және түрлі елдерден келген гуманитарлық көмекті ашық бөлу фактілерін анықтау үшін мониторинг жүргізеді.
Мониторинг барысында арнайы мониторинг тобы көптеген заң бұзушылықтарды анықтады.Мәселен, Нұрсая шағын ауданы, 27 мекен-жайында орналасқан дәріхана Новиган Нео препаратын 700 тг сатқан, ал ҚР ДСМ бекітілген бұйрығына сәйкес осы препараттың шекті құны 583 теңгені құрайды.. Жол берілген бұзушылықтар нәтижесінде дәріхана 180570 теңге көлемінде
айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі күні жалпы сомасы 2 569 650 теңгеден астам айыппұл салынып, 16 дәріхана әкімшілік
жауапкершілікке тартылды.
Баға қайтадан жоғары бағамен сатылған жағдайда дәріхана лицензиясының қолданылуы тоқтатылды.
— Дәрі-дәрмектің жоғары бағасы бойынша барлық азаматтарды Whatsapp нөміріне хабарлама жіберуге шақырамын+7 702 000 24 94 немесе Call center 1424. Қазіргі уақытта дәрі — дәрмектің бағасын негізсіз көтеру Денсаулық сақтау министрінің бұйрығын бұзу болып табылады, — деп атап өтті А.Мамыт.
Қаптамаларда Гуманитарлық көмек – тегін мөрі қойылғанын атап өту қажет, бұл
тауарды әрі қарай мақсатсыз пайдалану тәуекелін төмендетеді.
Егер дәрі-дәрмектің бағасына күмән болған жағдайда сілтеме бойынша ҚР ДСМ бекітілген бұйрығында оның максималды шекті бөлшек құнын тексеруге болады adilet.zan.kz