• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:23
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сапарбаев «Арай» тұрғын үй алқабындағы сапасыз жолдарды жөндеуді тапсырды

turan_admin turan_admin
25.05.2020, 17:46
Облыс жаңалықтары
Сапарбаев «Арай» тұрғын үй алқабындағы сапасыз жолдарды жөндеуді тапсырды
182
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жуырда Тараз қаласының «Арай» тұрғын үй алқабының тұрғындары өткен жылы төселген асфальттың сапасына қатысты шағымданған болатын. Жексенбі, 24 мамыр күні өңір басшысы аталған аумақа арнайы барып, мердігердің сапасыз жұмыстарына көз жеткізді.

Былтыр аталған тұрғын үй алқабында бірнеше көше асфальтталған болатын. Бірақ биыл жеті көшедегі жол жабыны желініп, жарыла бастаған. Облыс әкімімен кездескен аудан тұрғындары кейбір кәріз люктердің асфальт астында қалғанына да наразылық танытты.

Өңір басшысы шағымдарды мұқият тыңдап, кеткен кемшіліктердің жақын арада түзетілетініне сендірді.
«Қала тұрғындары жол жөндеу жұмыстарының барысын мұқият қадағалап отырады. Егер олқылықтарды байқаса, оларды шешуге тырысып, әлеуметтік желілерге жариялайды. Бұл біздің қоғамдық бақылауымыз. Осылайша олар жұмыс сапасы мен мердігерлердің іс-әрекеттерін бақылауға көмектеседі. Сонымен бірге, техникалық қадағалау, ТКШ мамандары неғұрлым белсенді жұмыс істеп, жұмыс сапасын тиісті деңгейде қадағалауды қамтамасыз етуі керек. Мердігерлер, өз кезегінде, кез-келген кемшіліктердің өз есебінен түзетілетінін түсінулері тиіс», — деп ескертті Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар, аймақ басшысы қаладағы Қойгелді, Абай, Ниетқалиев, Комратова, Сыпатай батыр және басқа да көшелерге ат басын бұрды. Мұнда алдынғы жылдары жылу магистралін қайта жаңартуға байланысты жол төсемі бұзылған болатын. Алайда, жұмыстар аяқталғаннан кейін жол жабыны тиісті түрде қалпына келтірілмеген.
«Жолдарды қалпына келтіру сапасы нашар. Мердігерді және техникалық қадағалаушыларды шақырып, барлық олқылықтарды жою үшін қажетті шаралар қолдану керек. Мұндай деңгейдегі жұмыстарды қабылдау мүмкін емес», — деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев «за линией» деп аталатын аймақтағы жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарының барысымен де танысты.

Жалпы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында облыс орталығында жол құрылысы бойынша 100 жоба жүзеге асырылуда. Ол бойынша қаланың 130 көшесі қамтылады десек, 88 шақырым автожолдар мен тротуарлар салынып, жөнделеді. Бұл жұмыстарға барлығы 3,3 миллиард теңге бөлінген.

Айта кету керек, жұмыстың басым бөлігі бұған дейін асфальт төселмеген көшелерде орындалмақ. Биыл жөндеумен қамтылмаған көптеген көшелерде қиыршық тас төселуі жоспарлануда.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы 163 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылады. Аулалардың көпшілігінде жұмыс қазірдің өзінде басталып үлгерген. Мердігерлер асфальт төсеп, пайдалануға жарамсыз суару науаларын ауыстырып, шағын сәулеттік формалар мен ойын алаңдарын орнатуда. Осы орайда аймақ басшысы 9 және 10-шағын аудандардағы тұрғын үйлердің аулаларындағы жұмыстар барысын барлады.

Бұдан бөлек, бұл күні Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы мен Жамбыл ауданының Гродеково және Жалпақтөбе ауылдарындағы бірқатар спорттық және әлеуметтік нысандар құрылысының жобаларымен танысты.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.