Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында пресс-конференция өтті. Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев пен департаменттің басқарма басшылары Таскулов Жаннур мен Дәурен Омаров қатысты.
Таскулов Жаннурдың хабарлауынша, ұсынуларды қарау нәтижелері бойынша 65 лауазымды тұлға (2018 — 55) тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
- ескерту – 22;
- сөгіс – 14;
- қатаң сөгіс – 13;
- қызметіне сәйкес еместігі ескертілген – 3;
- мемлекеттік функцияларды атқаруынан босатылған – 4;
- қызметінен төмендетілген – 5;
- жұмыстан шығарылған – 5.
2019 жылғы 7 айында еңбек ұжымдарың қатысуымен (1500 астам қызметкерлер қамтылды) 30 кездесу өткізілді, оның шеңберінде 56 ұсыну қаралды, сондай-ақ 55 ұсыну бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.