01.10.2018 ж. сағат 23:08-де Талас ауданы, Қаратау қаласындағы жеке тұрғын үй ауласында 1993 ж.ш. «Audi-100», жеңіл автокөлігінің өртенуі болды деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— «Өрт салдарынан автокөлік отпен толықтай жойылды. Өрт сағат 23:40-та оқшауланып, 00:05-те ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ (3 қызметкер,1 бірлік тех.) күшімен толық сөндірілді. Жарақат және қаза болғандар жоқ» — деп мәлімдемеде көрсетілген.
Айта кетерлігі, 01.10.2018 ж. сағат 08:00-ден 02.10.2018 ж. сағат 08:00 аралығында Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері – 12 рет жедел шығып, оның ішінде өртке – 2, жану оқиғасына – 8, әр-түрлі сипаттағы басқада шығу – 2 орын алды.