• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.11.2026, 00:21
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

5 мыңнан астам адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ерікті қоныс аудару шеңберінде жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 5 213 адам, оның ішінде 1 725 қандас және 3 488 қоныс аударушы көшіп келді.

Turan Redaktor Turan Redaktor
13.10.2025, 16:28
Қазақстан жаңалықтары
5 мыңнан астам адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды
41
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Барлық қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Осы жылдың соңына дейін 9 653 адамды көшіру жоспарлануда.

Өңірлер бойынша: Павлодар облысына – 1 886 адам, СҚО – 1 516 адам, Қостанай облысына – 575 адам, ШҚО – 490 адам, Абай облысына – 305 адам, Ақмола облысына – 257 адам, Атырау облысына – 103 адам, Ұлытау облысына — 43 адам, Қарағанды облысына – 38 адам қоныс аударды.

Қоныстану аймақтарына көшкен қандастарымыз негізінен Өзбекстаннан – 612 адам, ҚХР – 563 адам, Моңғолиядан – 377 адам, Ресейден – 84 адам, Түркменстаннан — 49 адам және басқа елдерден – 49 адам келген.

Еңбекке қабілетті жастағы 2 307 адам келгендердің ішінен тұрақты жұмыс орындарына 1 041 адам жұмысқа орналастырылды, 38 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады.

Қоныс аударушылар мен кандастар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру, өнеркәсіп және т.б. салалар бойынша жұмысқа орналасты.

Қоныс аударудың табысты мысалдарының бірі – Құрмешовтар отбасы. Олар өмірлеріндегі оң өзгерістерді атап өтті.

«Біз Маңғыстау облысынан Қостанай қаласына көшіп келдік. 2024 жылдың мамыр айының басында Қостанай қаласындағы мансап орталығына жүгініп, қажетті кеңестер алып, квотаға ену үшін қажетті құжаттар тізімімен таныстым. Аймақтық квотаға енгеннен кейін біз көшуге байланысты материалдық көмек, сондай-ақ тұрғын үй жалдау мен коммуналдық қызметтерге кететін шығындарды өтеу үшін субсидия түрінде мемлекеттік қолдау алдық», – дейді Қанат Құрмешов.

Қанат Құрмешовтің «Ақпараттық жүйелер» мен «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар. Жаңа мекенге қоныстанған соң, ол Владимир Матвиенко атындағы Олимпиадалық резервтің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне WKF каратэ бойынша жаттықтырушы болып жұмысқа орналасты.

«Мен – санатсыз, бірақ жоғары деңгейлі жаттықтырушымын, еңбек өтілім – 8 жыл. Жұбайым Ләззат Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды-техникалық колледжін «Мұнай өнеркәсібі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Өткен жылдың тамыз айында ол «Бастау бизнес» жобасына қатысу үшін «Сақтағанова» ЖК ашып, өз ісін дамытуға арналған грантты сәтті ұтып алды. Ол фитнес-клуб ашты», – деп бөлісті отағасы.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы ол да өз кәсібін – кондитерлік цех ашуға 1 572 800 теңге көлемінде грант алған.

«Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен ұсынылған мүмкіндіктердің арқасында отбасымыз жаңа ортаға сәтті бейімделіп, өз ісімізді бастауға мүмкіндік алдық. Осы маңызды қадамда бізге қолдау көрсеткен барлық жандарға шын жүректен алғыс айтамыз», – деді Қанат Құрмешов.

Естеріңізге сала кетейік, ерікті қоныс аудару аясында қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылады:

— отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде көшуге арналған бір реттік субсидия;

— отбасы мүшелері саны мен елді мекенге байланысты 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 12 ай ішінде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай сайынғы субсидиялау;

— қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;

— жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;

— экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру.

Бұдан басқа, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі.

Еңбекмині

Тегтер: көші-қонқоныс аударуҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21
Адам құқығына назар аудару неден басталады

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33
Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

09.11.2026, 13:03
ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

08.11.2026, 12:36
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.