• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:40
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

5 әлеуметтік бастаманың төртінші бастамасы аймақта қалай асырылуда?

turan_admin turan_admin
29.05.2019, 20:25
Азаматтық қоғам институттары, Облыс жаңалықтары, Саясат
5 әлеуметтік бастаманың төртінші бастамасы аймақта қалай асырылуда?
410
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгінде өңір-өңірлерде «Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы» белсенді іске асырылуда. Оның ішінде төртінші бастаманы іске асыру Үкіметтің баса назарында. Осы орайда, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нің филиал директорының орынбасары Ахмедияр Айтбаевпен сұхбаттасып, 5 әлеуметтік бастаманың төртінші бастамасының аймақта асырылу барысына қаныққан едік. АЙТБАЕВ АХМЕДИЯР ДӘУЛЕТҰЛЫМЕН сұхбат жүргізілді. Сұхбат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыруымен «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» атты жобасы аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ тапсырысымен жүргізілді. 

– Ахмедияр Дәулетұлы, Елбасының 5 әлеуметтік бастаманың төртінші бастамасы бойынша Шағын несие беру, яғни орта және шағын бизнестерге арналған. Осы бағытта облыста қандай жұмыстар атқарылуда?
– Қазіргі таңда бастама бойынша өңірде жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 …
Бүгінде өңір-өңірлерде «Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы» белсенді іске асырылуда. Оның ішінде төртінші бастаманы іске асыру Үкіметтің баса назарында. Осы орайда, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нің филиал директорының орынбасары Ахмедияр Айтбаевпен сұхбаттасып, 5 әлеуметтік бастаманың төртінші бастамасының аймақта асырылу барысына қаныққан едік.

– Ахмедияр Дәулетұлы, Елбасының 5 әлеуметтік бастаманың төртінші бастамасы бойынша Шағын несие беру, яғни орта және шағын бизнестерге арналған. Осы бағытта облыста қандай жұмыстар атқарылуда?
– Қазіргі таңда бастама бойынша өңірде жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылға арналған бағдарламасы аясында қаржыландыруды іске асырып жатырмыз. Жалпы, біздің корпорация аталған бағдарлама аясында жұмысын 2017 жылы бастаған болатын. Біздегі жұмыстың ерекшелігі – несиелендіруді облыста орналасқан несиелік серіктестер арқылы жүргізу.
– Қазіргі таңда тұрғындар несиені қандай бағытта алып жатыр?
– Нақтырақ айтсам, біз микроқаржы ұйымына белгілі 200 миллион теңге аударып бердік. Ол қаржыны ұйым ауылды елдімекендерге және шағын қалаларды дамытуға береді. Ең бастысы, ауылшаруашылық саласы мен ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударылып отыр. Өткен жылы төрт түлік мал басын көбейту және бордақылауына да берілген болатын. Сондай-ақ қымыз, саумалы, шұбат секілді бизнес көздерін дамытамын деген азаматтарға несие қарастырылды.
– Сіз айтып отырған несиелер халыққа қанша пайыздан беріледі?
– Негізінен, несие бес жылға дейін 6 пайызбен беріледі. Осы жылдың алғашқы 2 жыл өтеу мерзіміне дейін жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, алған қарызын 2 жылға дейін төлемей тек пайызын ғана өтеп, осы жылдан кейін қарызын төлеуіне болады. Мысалы, несиеге алған төрт түлігі биыл төлдеді дейік. Ал сол төлі араға жыл салып өзі де төл бере бастайды. Соның есебінен екі жылдан кейін қарызын өтеуіне мүмкіндік мол болатыны белгілі. Яғни, барлығы зерделеніп, есептелген. Тағы бір айта кететін жайт, несиені алушы азамат жеке кәсіпкер және шаруа қожалығы болуы керек. Сондай-ақ бизнесін жаңадан бастағалы жатқандарға да беріледі. Оған қойылатын талаптың бірі ол несие алғаннан соң бір жылдың ішінде кәсібін ары қарай кеңейте алуы қажет. Бұдан өзге кәсіпкерлік саласында 3 жылдан аса уақыт жұмыс жасап келе жатқан тұлғаларға да несие еш қиындықсыз рәсімделеді.
– Мысалы, шаруа қожалық ашқысы келетін адамның қоятын зайымы 3 миллион теңгені құрайды. Өз кезегінде банк өкілдері үйі мен қорасын санап, небары несиенің 1,5 миллион теңгесі ғана шығады. Осылайша, осы сомманың 50 пайызын ғана алады. Ойлап қарасақ, қалған 750 мың теңгеге кәсіпкер қорасын соғады ма немесе мал алады ма?
– Жалпы, бұл жағдай несие алушының тұратын жеріне байланысты. Егер қалалық жерде болса 70 пайызын қолына алуына мүмкіндігі бар. Мәселен, облыс орталығындағы азаматтың зайымы 10 миллион болса, ол осы сомманы ала алады. Ал ауылдық жерде болса, қаржының 60 пайызына қол жеткізеді. Өйткені, ауылдарда бір үйдің бағасы 2-3 миллион. Өз кезегінде 2-3 миллионға 60-70 қой келеді. Осы орайда, «ҚАЗ Аграр грант» деген компания несие алушыға 85 пайызға дейін өзінің кепілдемесін бере алады. Нәтижесінде, тұлғаның 3-5 миллионға дейін несие алуына болады.
– Өңірде қанша адам 5 әлеуметтік бастама бойынша көмек алды?
– Нақты келетін болсақ, былтырғы жылы 300 адам несие алса, 2017 жылы 200 адам несиеге қол жеткізді. Ал ағымдағы жылы 350 адамға дейін қамтысақ па деген жоспарымыз бар.
– Ал қанша адам жұмыспен қамтылды?
– Мысалы, 100 адам несие алатын болса, олар 300 жаңа жұмыс орнын ашады. Яғни, 100 адам 200 адамды жұмыспен қамтып отыр деген сөз.
– Тағы бір мәселе – несие жағдайы бар адамдарға беріледі ме?
– Негізінен, бұл бағдарлама әлеуметтік болғаннан кейін үйіне барамыз, есік алдында не бар, алдында қорасы бар біз соны қараймыз. Мұнда «сен барып 100 гектар жер алып кел» деген шарт жоқ. Өзінің қолындағы барымен несие рәсімдейді.
– Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қалай жойып жатырсыздар?
– Айта кетерлігі, біздің жұмыс жүйемізде «қағазбастылық» мәселесі мүлде жоқ. Яғни, көп құжатты қарамаймыз. Сондықтан сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берілмейді. Мысалы, несие алушы азамат жеке кәсіпкерлігін ашып, мекен жай анықтамасын, кепілге қоятын нысанның құжаты алып келсе болғаны. Ал қоражайдың құжатын сұрамаймыз. Бірақ кейін өзіміздің маманымыз барып тексереді.
– Сіз, жоғарыда 350-ге жуық адамға несие беру жоспарда екенін айтып қалдыңыз. Бұл сан қай жақтан шықты?
– Бұл – ҚР ауылшаруашылық министрлігінің қойған арнайы суммасынынан шығып отыр. Облысымызға 5 миллиард қаржы бөлінетін болса, демек 1000-1500 адамды қамтуымыз керек. Сол секілді биыл өңірге бөлінген қаржының қарымына байланысты осы 350 адам шығып отыр.
– Айтыңызшы, осы біз айтып отырған бағдарламаға қатысып, несие алғысы келетін азаматтар не істеу керек?
– Егер азамат 1 жылға дейін өз кәсіпкерлігін ашатын немесе ашқан болатын болса, ол «Атамекен» палатасы арқылы білімін жетілдіріп, қолына оқыды деген сертификатын алуы шарт. Сондай-ақ жұмыспен қамту орталығына жұмыссызбын деп тіркелу керек. Осыдан кейін барып қана біз микроқаржы ұйымына жібере аламыз. Онда оның өтініші қанағаттандырылмаса қаржылық қолдау орталықтарына жіберуімізге де болады. Несие серіктестігі арқылы қаржы алу уақыты ұзақтау болады. Себебі онда мүше болып кіріп, минималды жарнасын төлеу қажет. Бұл бойынша қаржыны өзінің ауданынан ала береді. Ол үшін Таразға келудің қажеті жоқ. «Атамекен» палатасының барлық аудандарда филиалдары бар. Егер де артық құжаттар сұрап жатса әрбір азамат «Нәтижелі жұмыспен қамтудың жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылға» арналған Еңбек деген бағдарламасындағы арнайы ережеге сүйенуіне болады. Аталған бағдарламада қандай құжаттар керек екендігі қанша жылға, қанша пайызға берілетіндігі туралы толық ақпарат ала алады.
– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Исламбек Дастан.

Тегтер: cisccisc.kzабқоАграрлық несие корпорациясыақшаатамекенбес әлеуметтік бастамакредитТаразцпги
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.