• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:07
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысының әкімдері. Сарыбай Қалмырзаев

turan_admin turan_admin
19.01.2017, 08:56
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысының әкімдері. Сарыбай Қалмырзаев
359
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сарыбай Қалмырзаев 1949 жылы 10 маусымда Жамбыл облысының Шу ауданы, Жаңа жол ауылында туған. Мәскеудің экономика институтын және КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы халық шаруашылығы академиясын тәмамдаған. Мамандығы – экономист, сондай-ақ экономика ғылымдарының кадидаты.
Алғашқы еңбек жолын Қазақ КСР Орталық статистика басқармасында қатардағы экономист болып бастаған ол сонда аға экономист, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 1987 жылдан Қазақ КСР Орталық статистика басқармасы бастығының орынбасары, Қазақ КСР Мемлекеттік статистика жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, 1991-1994 жылдары ҚР Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, 1995-1997 жылдары осы комитеттің төрағасы болған. 1997 жылдың қазанында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып, 1998 жылдың қаңтарында Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған.
Жалпы облыс тарихына көз жүгіртетін болсақ, Сарыбай Сұлтанұлы аймақ басшысы ретінде көп отырмаған. Амалбек Тшановты алмастырған ол бір жылдан сәл асатын уақыт қана облысты басқарған. Өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндірісі, әлеуметтік-экономикалық ахуалы мәз емес аймаққа басшылық еткен оны анау айтқандай дүниені тындырып тастады деу әбестік. Және бұған оны кінәлауға да бола қоймас. Ол кездің уақыты солай болды. Еліміз Кеңес Одағының күйреуінен, бұрынғы одақтас республикалар арасындағы экономикалық байланыстардың үзілуінен естерін жия алмай жатқан Оңтүстік Шығыс Азияда басталған экономикалық қаржылық дағдарыс жас тәуелсіз мемлекетімізді, оның ішінде біздің облысымыздың жағдайын әжептәуір есеңгіретіп тастаған еді. Облыс экономикасының басты саласы болып табылатын химия өнеркәсібі, оның ішінде фосфор өндірісі терең дағдарысты жағдайды бастан өткеріп жатты. Он мыңдаған адамдар еңбек етіп, күнкөрісінің өзегіне айналдырған іргелі саланың, негізінен фосфоршылар мен құрылысшылардың қалалары ретінде бой көтерген Жаңатас пен Қаратаудың елдің көз алдында күйреуі ақыр соңында әлеуметтік шиеленістерге әкеліп соқтырды. Күрмеуі қиын мұндай мәселенің ең бір шиеленіскен тұсы Сарыбай Қалмырзаевтың облыстың тізгінін ұстаған тұсымен дөп келді.
Сол бір қиын кезді еске түсіріп көрсек. Мәселен, сол жылдары фосфоршылардың қос қаласы Қаратау мен Жаңатас нағыз қирандылардың астында қалды. Жекелеген үйлер түгілі, тұтас шағын аудандар қирап жатты. Былайша айтқанда адамдардың қолымен соғылған үй, ғимараттар адамдардың қолынан қиратылды. Ол жақтағы үйлерге газ берілмеді, жарық болмады. Жылу мен ыстық су деген ұмытылды. Ал ауыз су дегеннің өзі тәулігіне сағаттап қана берілді. Өндіріс орындары мен кеніштер жабылды. Қос қаладан да кеншілер жаппай көше бастады. Мысалы, осы жылдардың алдында ған жетпіс мыңнан аса адам бар Жаңатас қаласында не бары жиырма мыңдай ғана адам қалды. Өндірісті өркендетеміз деп келген инвесторлар нәтиже шығара алмады. Кеншілер жалақыларын айлап, жылдап алмады. Сондықтан фосфор өндірісінен мемлекет қазынасына салық түспеді. Және мұғалімдер мен дәрігерлер тиісті айлықтарын, зейнеткерлер зейнетақыларын, балалаы аналар жәрдемақыларын ала алмады.
Осындай жағдайдан кейін зарыққан Жаңатастың кеншілері жаппай ереуілге шықты. Қалмырзаев билікке келген 1998 жылдың қаңтары қақаған аязымен, қарлы боранымен ғана есте қалды. Кеншілердің Жаңатастағы бас кеңсесінің маңайына жұмысшылар қазақтың қараша үйлерін тігіп тастады. Фосфоршылар аштық жариялады. Жаяуап Жаңатас-Тараз тас жолына шығып, шеру ұйымдастырды. Теміржолдың релстеріне шығып жолды жапты.
Сарыбай Сұлтанұлы облыстағы басшылықты алған алғашқы күндерінің бірінде Жаңатасқа арнайы ісспармен барып, кеншілермен, тұрғындармен кездесті. Ондағы қабырғасы қырауға тұнған пәтерлерді аралап көрді. Сондай-ақ ереуілшілердің көшбасшыларын жұмыс кабинетіне шақырып, бірнеше рет кездесті де. Мұнымен қоса ол облыстағы осы түйткілді мәселелерді Республика Үкіметіне дер кезінде жеткізіп отырды. сол жылдары ҚР Үкіметінің премьер-министрі болған Нұрлан Балғынбаев пен оның орынбасары Балташ Тұрсынбаевтың Жаңатасқа келуіне зор ықпалын тигізді. Бұл шаралар нәтижесін берді де. Жаңатас пен Қаратаудың, жалпы аймақ химия өнеркәсібінің мәселесі Үкімет мәжілісінде қаралып, арнайы қаулы қабылданды. Қабылданған ол шаралар қордаланған мәселені түбегейлі шешіп тастамаса да облыстық фосфор өндірісінің дамуына әсері болды.

Жалпы, ол әкім несімен есте қалды? Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев дауыс көтеріп сөйлемейтін, істі айқай-сүреңсіз, байыппен жүргізетін, табиғатынан ұстамды басшы ретінде есте қалды. Ол кадр таңдауда облыстың өз азаматтарына басымдық берді. Мәселен, жақын арада ғана ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалған Бақытжан Сағынтаевтың саяси аренаға шығуына Сарыбай мырзаның себі мол. Ол 1998 жылы қаңтарда облыс әкімінің орынбасары болып бекіген болатын. Сонымен қоса бүгінде облысымыздың қадірлі қариясының бірі Оңласын Есіркепов Сарыбай Қалмырзаевтың тұсында облыс әкімі аппаратының басшысы болған. Қазір Талас ауданының әкімі Болат Рысмендиев сол жылы Шу ауданының әкімі болып тағайындалған.

Ол – еліміздің егемендігі жылдарында жаппай жекешелендірудің бастауында тұрған дара тұлғалардың бірі. Жамбыл облысын басқарғаннан кейін бірден ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы секілді ірі лауазымды қызметке шақырылды. Тәуелсіз қазақ елінің көрнекті мемлекет қайраткері болған Сарыбай Қалмырзаев өмірінің соңғы күндеріне дейін Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен талай істің басы-қасында жүрді және оның сенімді серіктерінің бірі болды.

TURANINFO.KZ

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.