• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:08
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мемлекеттік тілді меңгеру — заман талабы

turan_admin turan_admin
11.05.2023, 17:15
Заң
Тіл-ұлт болашағы
284
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақ елі – тәуелсіз мемлекетпіз. Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі.
Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақтың болашағы – қазақ тілінде»
деп, ойын айқын жеткізді. Бізге осы айтылған тұжырымды жүзеге асыру
жолында тек еңбектену ғана қажет болып тұр.
Жалпы мектебіміздегі әртүрлі іс-шараларды өткізудегі басты, түпкі
ойымыз – мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру, өскелең ұрпақтың ана
тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рухта тәрбиелеу. М.Әуезов
«Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса,
оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» деп айтқан болатын.
Ұлы даналарымыздың осы сияқты айтылған пікірлерінен кейін мемлекеттік
тілді білмейтін, ойын ана тілінде жеткізе алмайтындар қанша жерден сауатты
болса да, жауапты қызметтерге тартылмауы керек. Бұл, әсіресе, қазақ
жастарына қатысты. Мемлекеттік тілді білмеген адам Қазақстандағы өзге
этностардың да қамын жейтін мемлекетшіл болады дегенге сенбеймін. Егер
өзіміздің дүниемізге өзіміз ие болып, тіліміздің қолданылу аясын кеңейте
алсақ, өзге этностар да үлкен құрметпен қарар еді.
Мемлекеттік тілдің жағдайын жақсартудың ең маңызды буыны –
балабақша мен мектеп болып табылады. Бүгінгі таңда тәрбие, білім
ошақтары қазақ тілінде сөйлемесе, қоғам, барлық халық қазақша
сөйлемейтіндігі дәлелдеуді қажет етпейтін қағида. Болашақ өміріміздің
жалғасы, қоғамымыздың басты тұтқасы – бүлдіршіндер. Мектеп
қабырғасынан мемлекеттік тілді жетік біліп, жанашырлық танытқан тұлға
ғана болашақта ұлт жанашыры болады деп ойлаймын. Сол себептен олардың
білімі мен тәрбиесіне, туған тілі мен Отанына деген сүйіспеншілігін
қалыптастыруға ерекше көңіл бөлген жөн.
Күнделікті тұрмыста, кәсіпте, түрлі ресми шараларда, қоғамның түрлі
әлеуметтік салаларында қазақ тілін пайдалану мен оның қолданыс аясын
кеңейту үшін заманауи тіл меңгеру әдістері қағидаттарының негізінде тілді
жылдам әрі оңай меңгерудің түрлі тәсілдері бойынша өңірлерде қазақ тілін
оқытып, үйретіп жүрген оқытушылар мен ұстаздар бар.
Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тіл – ұлттың аса
игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры –
баршамыздың қолымызда» деген сөзі кез-келген қазақ азаматтарына ой
салары сөзсіз. Бүгінгі таңда балабақша табалдырығын аттаған жас
бүлдіршіндеріміздің ана тілінен гөрі орыс тілін тез меңгеріп кететіндігі,
жұмысбасты ата-ананың оған назар аударуға уақытының жоқтығы немесе
немқұрайлы қарауы, сол баласымен қосылып шүлдірлеп бара жатуы жаныңа
қатты батады.
Қайда бара жатырмыз дегендей ой түйесіз? Жас буын мектеп
табалдырығын аттап, ұстаз алдына келгенде басқа бір әлемге тап болғандай
күй кешеді. Қазақ мектебіне келген орыс тілінде сөйлейтін бала өтіп,
түсіндіріліп жатқан дүниеден ештеңе ұқпай, қызығушылығы болмай, көзі
боталап мұғаліміне қарап отырған сәтте кеудеңдегі жаның шығар-шықпас

болып тұратынын ата-ана сезінер ме екен? Б.Момышұлының «Кейбір ұл-
қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады.
Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі» деген сөзі еріксіз ой елегіңнен өтеді.
Осындай сәтте ұрпақ тәрбиесінде ата-ананың рөлі басым екенін айтпасақ та
түсінікті. Үштілділік – заман талабы болып отырған кезеңде «Кейінгі өскелең
ұрпағымыз ана тіліне деген құрметтен айырылып қалар ма екен?» деген
қорқыныш та жүрегіміздің бір түкпірінен айғай салғандай болады.
Мектептегі тәжірибе көрсеткендей, егер бала орыс тілінде сөйлесе, ол бірінші
орысша ойлайды, соны жазады, сонан кейін барып оны қазақ тіліне
аударады. Ал, бұл қаншама уақытты, еңбектенуді, ойлануды қажет етеді
десеңізші. Баланың өзіне қатты салмақ түседі. Баланың қазақша ойлай
алмауы, ана тілінде жаза алмауы – ұлтымызға үлкен сын.
Болашағы бар ұлт бүгінгі мен ертеңгі ұрпағының сана-сезімін ана
тілінде тәрбиелесе ғана тарих сахнасының төрінен орын алары хақ. Өйткені
ұлттық даму рухани сабақтастық негізінде жүреді. Әрбір өскелең жас ұрпақ
алдыңғы аға буын жалғастырған жолды, ата-баба өсиетін түсініп, сезініп
барып өркендейді. Ұлттық болмыстың тек өзіне ғана тән, қайталанбас
құндылығы, ерекшелігі – тіл. Ұлтты сақтау – тілді сақтау. Сондықтан да
тілдің құдіретіне бас июден, сол құдіретті тануға, ілгері дамытуға деген
құлшынысымыздан айырылып қалмайық. Ұлттың да, ұлт тілінің де болашақ
иегері болатын жастарымызды соған баули берейік.
Қазіргі таңда шетел азаматтарына біздің буын баланың ойыны деп
санап келген ғаламтор бүгінде заман тілі ретінде танылып, тіпті
мемлекеттердің саясатын айқындап беретін құрал деңгейіне көтерілуде.
Сөзімді заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың сөзімен түйіндейін,
«…Жоғалып, өшіп кеткен тілдердің қайта тіріліп келмейтіндігі белгілі.
Жаңадан тіл пайда болмайды. Тілдердің пайда болу дәуірі біткен. Сондықтан
қазіргі барымызды мәпелей білуіміз керек»
Еркебұлан Жұмаділов, Жамбыл облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы-сот
отырысының хатшысы

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Сөз бостандығы мен жауапкершілік қатар жүруге тиіс

Сөз бостандығы мен жауапкершілік қатар жүруге тиіс

17.08.2026, 11:40
Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15
Жамбыл облысында адам саудасының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жалғасып жатыр

Жамбыл облысында адам саудасының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жалғасып жатыр

06.08.2026, 16:55

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.