Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшылық лауазым қызметшілеріне, Жамбыл облысы әкімі аппаратын мемлекеттің құпия бөлімінің басшысына, тапсырыс орындаушыларға қатысты сот үкімін Тараз қалалық №2 сотының судьясы Алмас Ділдәбаев оқыды.
Нурымбетов Т. Б. ҚР Қылмыстық кодексінің 218 баптың 3т. 1т. бойынша КІНӘСІЗ деп танылсын;
Нурымбетов Т. Б. ҚР Қылмыстық кодексінің баптар: 366 3т. 3т., 366 3т. 3,4т, 24 3б. – 366 3 б. 3,4т. бойынша кінәлі деп танылып 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы;
Романова Н. М. ҚР Қылмыстық кодексінің баптар: 190 4б. 2т., 368 1б., 24 3б – 368 2б. бойынша кінәлі деп танылып 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы;
Сарымсаков Г. Т. ҚР Қылмыстық кодексінің баптар: 190 4б. 2т., 368 1б., 24 3б –367 3б 2т. бойынша кінәлі деп танылып 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы;
Мұстафа Қ.Ә. ҚР Қылмыстық кодексінің 367 бабының 2б. бойынша кінәлі деп танылып 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы;
Утеулина А.А. ҚР Қылмыстық кодексінің баптар: 368 2б., 190 3б. 2т. бойынша кінәлі деп танылып 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. СОТ үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сот залынан барлық айыпталушылар қамауға алынды.
Айта кетерлігі, Романова Н. мен Утеулина А. он алты жасқа толмаған балалары бар.
TURANINFO.KZ






