№9 Меркі колледжінде 2021-2022 оқу жылында талапкерлерді қабылдау жаңа қағидалармен өткізілді. Талапкерлерді оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығы және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес ұйымдастырылды. 2021 жылдың 25 маусымнан бастап талапкерлерден мемлекеттік тапсырыс бойынша орындар беру конкурсына өтініштер кабылдау өткізілді. Талапкерлер үш әдіспен: eGov.kz электронды үкімет порталы, SmartNation порталы (college.snation.kz) арқылы және қағаз түрінде өтініш бере алды. 25 маусымнан 18 тамыз аралығында «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығына — 22 білімгер өтініш білдірді және жұмысшы мамандықтарға 25 маусымнан 25 тамыз аралығында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)», «Токарлық іс (түрлері бойынша)» , «Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)» , «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)» — 105 білімгер өтініш берді. Барлығы 127 бiлiмгер болды, оның ішінде бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы азаматтар -1 , кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар бар жанұядан- 15 , аз қамтылған отбасынан – 75 білімгер құжаттар өткізді. 2021 жылы тамыздың 26 — і күні қабылдау комиссиясы барлық жұмысшы мамандыққа келген талапкерлермен әңгімелесу өткізді . Қабылдау комиссиясынан «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығына — 25 , «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)» мамандығына -13 , «Токарлық іс (түрлері бойынша)» мамандығына -16 , «Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)» мамандығына — 25 , «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)» мамандығына -26 білімгерлерден қабылданған құжаттары каралды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша — 81 орын бөлінді , оның «Дәнекерлеу ісі ( түрлері бойынша)» мамандығына 31 білімгерді, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығына 50 білімгерді қабылдау туралы қаралды. Бұл мамандықтар бойынша бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы азаматтар -2 , кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар бар жанұядан- 19 , аз қамтылған отбасынан – 60 білімгер кұжаттар өткізді.