• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

2016 жылы Тараз қаласы № 2 сотына 609 қылмыстық іс түсіп, тиісті шешімін тапқан.

19.01.2017
0
2016 жылы  Тараз қаласы № 2 сотына 609 қылмыстық іс түсіп, тиісті шешімін тапқан.
287
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бұл жөнінде Тараз қалалық №2 сотының төрағасы Мэлс Байсариев журналистермен болған баспасөз мәслихатында айтып берді. Оның айтуынша, 2016 жылдың 12 айында 708 тұлғаға қатысты 590 қылмыстық іс қаралған. Қаралған қылмыстық істердің ішінде 539 тұлғаға қатысты 451 қылмыстық іс үкім шығарумен аяқталған. Бұл қаралған қылмыстық істер бойынша 516 тұлға сотталып, 23 тұлға ақталған. Сондай-ақ 3 қылмыстық іс 2017 жылдың қаңтар айына қалдық болып өтіпті. Мұнымен қоса қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы негіздерінде 78 тұлғаға қатысты 64 іс қысқартылған. Сонымен қатар 50 қылмыстық іс медиация тәртібі негізінде өз шешімін тапқан.
Есеп мерзімде сот өндірісіне жалпы 2198 материал түсіп, оның 2019-ы қаралып, 117 материал осы жылдың 1-ші тоқсанына қалдық болып өткен. Оның ішінде жаза түрін ауыстыру туралы 78, түзеу мекемесінің түрін ауыстыру туралы 165, мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы 729, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы 425, мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды бұзу туралы 16, кері күші бар қылмыстық заңның шығуына байланысты қылмыстық жазадан босату немесе жазаны жеңілдету туралы 322, шартты түрдегі соттылықты бұзу немесе сынақ мерзімін ұзарту туралы 105, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, ауыстыру немесе тоқтату туралы 136, басқа да ұсыныстар, сонымен қатар үкiмдi орындау кезiнде туындаған қандай да болсын күмән мен түсiнiксiздiктi ұғындыру туралы 110 іс бар.
Сондай-ақ шаһардың қылмыстық істерін қарайтын сотына 2016 жылдың 12айында барлығы 1728 санкция материалдары түскен болса, оның 1720-ы қаралған. Және 1686 талап-тілек қанағаттандырылып, 34 санкция материалы бойынша қанағаттандырусыз қалдырылып, 5 іс қайтарылған.
— Санкция материалдары бойынша өткен жылы барлығы 1728 санкция материалдары түсті. Мұның барлығын судьяларымыз өз деңгейінде қарап, шешімін шығарды. Біз әрдайым журналистермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз. Мәселен, есепті мерзім ішінде БАҚ беттерінде судьялармен, сот қызметкерлерімен және әр түрлі газеттердің тілшілерімен барлығы 151 мақала жарияланды. Оның ішінде радиодан, теледидардан сөйлеу 10 рет сұхбаттар берілді. Сонымен қатар, есеп беру 16 дөңгелек үстел, 15 семинар сабағы, 1 баспасөз мәжілісі, 7 ашық есік күні өткізілді, — дейді сот төрағасы Мэлс Жаулыбайұлы.

Сонымен қатар сот төрағасы 27 адамды түрлі мәселелермен қабылдап, мәселелерінің оң шешілуіне өз ықпалын тигізген. Қара қылды қақ жарып келе жатқан Тараз қалалық №2 соты өткен жылы облыстық 16 соттың ішінде 3 орынды иеленген.

Ш.Сейдуалиев

Тегтер: Жамбыл облысысотсудьяТараз

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты