• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:23
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҰЗЫН СОНАР КЕЗЕКТІҢ СЕБЕБІ НЕ? (ВИДЕО)

turan_admin turan_admin
28.09.2018, 17:10
Қазақстан жаңалықтары, Облыс жаңалықтары
ҰЗЫН СОНАР КЕЗЕКТІҢ СЕБЕБІ НЕ? (ВИДЕО)
339
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін Тараз қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратының алдында ұзын сонар кезек болғандығы туралы Бауыржан Қариповтың аккаунтында жарияланған болатын. Тараз қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Кенжеғазы Мұқажанұлы Есембеков түсініктеме берді:
– Өздеріңіз байқағандай, осы қыркүйек айының соңында еліміз бойынша барлық мемлекеттік салық басқармаларында ұзын сонар кезек көбейіп жатыр. Оның себебі 1-қазан жеке тұлғалар үшін мүлік және жер салығын төлеу мерзімі аяқталады. Соған байланысты халық осы мерзімде үлгеру үшін осындай кезек туындатып отыр. Автокөлік салығы осы жылдың 31 желтоқсанына дейін төленуі тиіс. Бұған байланысты мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан бірінші жұмыс істеу мерзімді түскі үзіліссіз таңғы 9-дан кешкі сағат 20.00-ге және сенбі күні таңғы 9-дан кешкі 18.00-ге дейін  ұзарттық. Екіншіден, біздің ғимаратта отырған «Қазпочта» бөлімшесі және «Цеснабанк» бөлімшесімен келісіп, олардың да жұмыс уақыты біздің жұмыс уақытымен сәйкестендірілді. Казпочта мекемесімен келісіп мүгедекетерге арнайы отыратын орындықтармен екі касса бөлінді. Олар ең бірінші кезекте мүгедектерді қабылдайды. Осыған дейін бізде 7 касса болған. Қазір банкпен келісіп 11-ге дейін көбейттік. Функционалды қызмет бойынша жеке тұлғалармен арнайы бөлім шұғылданады. Бірақ қазіргі қарбаласқа байланысты екінші қабаттағы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды қабылдайтын мамандарды осы жұмысқа жұмылдырып отырмыз. Сондай-ақ, халық арасында көтеріліп жатқан даудың тағы бір себебі whatsapp желісінде 1-қазанға дейін салық төленбесе 20 АЕК айыппұл салынады деген жалған ақпарат таратылған. Бұл заңға қайшы. Салық кодексінде ондай норма жоқ. Бізде тек өсім бар. Мысалы салығы 2000 теңгені құраса, бір апта кешіктіріп төлеген жағдай ары кетсе 200 теңге қосып төлейді.
– Үйден салық төлеуге бола ма?
– Үйден салық төлеуге болады. Salyk.kz деген мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында салық берешегі деген бөлім бар. Сол жерге кіріп ЖСН енгізсе тұлғаның қандай қарызы бар екені көрсетіліп тұрады. Kaspi.kz бағдарламасындағы каспий кошелек бөлімін пайдаланып та салық төлей беруге болады.
Біз кезекті өз көзімізбен көру үшін басқарма басшысымен кассаларға бардық.
– Таңертеңгі уақытқа қарағанда қазір кезек күткендер саны азайды. Естеріңізге сала кетейік, біз сенбі күні де таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейміз. Біз қазір тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Негізі салық төлеушілер өздерінің берешек суммасын білсе кез-келген банктеріміздің кассасында төлей берулеріне болады. Өкінішке орай, халық дәл осы жерге келгенді қалайды. Осында түбіртектерін көрсетіп, осы жерде төлегісі келеді. Бұл олардың бұрыннан қалыптасып қалған әдеттері. Осыған байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Адам қарасының көптігіне байланысты арнайы аппараттармен су қойылды. Ғимаратта ауа да тар.

Ары қарай біз салық төлемдерін қабылдайтын кассирлердің жұмысымен таныстық. Бұл жағдайды жіті бақылаумызда.

 

TURANINFO.KZ

Тегтер: дгдЕСЕМБЕКОВКЕНЖЕналогСАЛЫҚ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.