• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:53
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Сарысу ауданына жұмыс сапарын Жаңатас жел электр стансасынан бастады

turan_admin turan_admin
21.09.2021, 12:57
Облыс жаңалықтары
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Сарысу ауданына жұмыс сапарын Жаңатас жел электр стансасынан бастады
182
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Сарысу ауданына жұмыс сапарын Жаңатас жел электр стансасынан бастады. Кәсіпорын жұмысымен жобаның аумақтық менеджері Наурызбек Жұмағазин таныстырды.

«Жаңатас жел электр станциясы» ЖШС Түркістан ауылдық округінде орналасқан. Жобаның құны 44,8 миллиард теңгені (130 миллион АҚШ доллары) құрайды. Қуаттылығы – 100 мВт электр энергиясын өндіру. Наурызбек Жұмағазиннің айтуынша, қазіргі кезде жалпы жоба бойынша 40 жел турбинасы орнатылып, бүгінде барлығы сынақ режимінде іске қосылған. Биылғы жылдың екінші жартысынан бастап толықтай қуатында жұмысқа кіріскен стансада 30-дан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Жел электр стансасы үстіміздегі жылдың І-тоқсанының қорытындысымен 1162,8 миллион теңгені құрайтын 51271,4 мың кВт/сағат электр энергиясын өндірген. Жоба тарапынан жалпы 20266,3 миллион теңге инвестиция салынған.

Жауапты маман баяндағандай, кәсіпорын болашақта стансаның электр энергиясын өндіру қуаттылығын 500 мегаватқа жеткізуді жоспарлап отыр. Бүгінде осы жобаны жүзеге асыру үшін ұйымдастыру жұмыстары қолға алынған. Бердібек Сапарбаев облыс басшылығы тарапынан мүмкіндігіне қарай көмек беруге дайын екендіктерін айтып, станса қуаттылығын арттыру жоспарын құптайтындығын білдірді.

Келесі кезекте облыс әкімі аудан орталығындағы қазандықтың жұмысымен танысып, алдағы жылу беру маусымына дайындық барысын көрді. Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Оңласын Мұқашов биыл бу қазандықтарының желдеткіштері жөндеуден өткізіліп, жарамсыз құбырлар ауыстырылғанын, пештің іші жылу сақтауға арналған отқа төзімді кесектермен қаланғанын, қазандықтың бүгінгі күнге жылу беру маусымына 99 пайыз дайын екендігін, тек мазуттың келуін күтіп отырғандарын баяндады.

— Былтырғы кемшіліктердің бәрі ескерілді ме? Зертхана жайы не болды? — деген аймақ басшысы мазуттың, көмір мен газдың бағаларын салыстыра отырып, «көгілдір отынның» арзандығын, алдағы жылы газға көшуді қолға алуды жеделдетудің қажеттілігін атап өтті.

Аталған бөлім басшысы былтырғы кемшіліктің жөнделгенін, зертханаға 6 миллион теңге қаралып, тапсырыс берілгенін, енді тек әкеліп, орналастыру ғана қалғанын жеткізді.

Аудан орталығында тұрғындарға жазғы күндері ыстық су беру мәселесін бұдан бұрын да көтеріп жүрген  облыс басшысы оны да келесі жылдан қалдырмай қолға алуды аудан әкімінің есіне салды.

Қазандық 3 су жылыту қазаны және 3 бу қазандықтарымен жабдықталған. Мазуттың сыйымдылығы 11 мың текше метрді құрайды. Жылу жүйесінің ұзындығы – 44,1 шақырым, ауыз су желілерінің ұзындығы – 115,6, кәріз желілерінің ұзындығы – 69,5 километрді құрайды. Орталық қазандық 7011 абонентке қызмет көрсетеді. Мұнда барлығы 153 адам жұмыс істесе, олардың 53-і маусымдық жұмыстағылар.

«Жаңатас су-жылу» кәсіпорны директорының міндетін атқарушы Досымжан Жылқыбаевтың айтуынша, 2021-2022 жылдарғы жылыту маусымына қажетті 12870 тонна «М-100» маркалы мазутқа сұраныс берілген (қазіргі қалдық – 218 тонна). Бүгінгі күнге дебиторлық қарыздар 16 миллион 270 мың теңгені,  оның ішінде тұрғындардың қарызы 10 миллион теңгені құрап отырғанын да айта кеткен жөн.

Өткен жылу беру маусымында Жаңатас қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен бірқатар әлеуметтік нысандар бірнеше тәулікке жылусыз қалғанын жұрт ұмыта қойған жоқ. Қазандық жұмысымен жан-жақты танысып, қысқы маусымға дайындық барысын көзбен көрген Бердібек Сапарбаев алдағы уақытта олқылыққа жол бермеу үшін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевке тиісті тапсырмалар берді.

– Былтыр көп мәселе болды ғой, осы бағытта тиісті жұмыстар атқарыңыздар. Жылу беруді ауа райына қарай реттеп отыру керек, — деген облыс басшысы аудан әкіміне бірқатар міндеттер жүктеді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.