• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«ЖОМАРТ ТҮЛЕК» ЖОБАСЫ: ӘУЛИЕАТА ТӨРІНДЕ БАС ҚОСТЫ

turan_admin turan_admin
24.04.2021, 13:31
Облыс жаңалықтары
«ЖОМАРТ  ТҮЛЕК» ЖОБАСЫ: ӘУЛИЕАТА ТӨРІНДЕ БАС ҚОСТЫ
1.1k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

       Білім және ғылым, спорт, мәдениет саласында жетістікке жеткен, елеулі еңбегімен халыққа танылған түлектер Таразда бас қосты. Түлектердің өмір жолы мен жетістігін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен «Жомарт түлек» жобасы ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда Тәуелсіздік алған жылдан бастап қала мектептерін 70 мыңнан астам түлек бітірген. Олардың қатарында бүгінгі таңда елге еңбегімен танылған түлектер республиканың әр аумағында еңбек етуде. Түлектердің арнайы базасы құрылып, «Жомарт түлек» сайты іске қосылды. Бүгінде  4 мыңға жуық қала мектептерінің түлектері туралы арнайы дерек қамтылған. Танымал түлектер  өздері тәмәмдаған мектептің оқушылармен кездесулер өткізіп, жүздесіп тұрады.
Келелі кездесуге әр саланың үздіктері, еңбегімен елге белгілі тұлғалар, бірқатар түлектер шақырылды. Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, ҚР Мәжіліс депутаты Гүлдара Алданышқызы, Тараз қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сембек Сейдазімов, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, ақын, журналист Ғайни Әлімбекқызы, еңбек ардагері Қайрат Шотбақов, дәрігер Марат Аманғалиұлы, Тараз қалалық мәслихат хатшысы Батырбек Күлекеев, еңбек ардагері, ұстаз, Жамбыл атындағы №5 мектеп гимназиясының директоры болған Нүркен Нұрмаханқызы, меценат Амина Қайназарова сынды бірқатар тараздық түлектер жиында бас қосты.

Жиында Ержан Жылқыбаев: «Еліміздің өркендеуі мен дамуына өз үлестерін қосып, көк туымызды көкте желбіретіп жүрген танымал спортшылар, ардақты ұстаздар, бизнесмендер бар. Жобаның негізгі мақсаты – маңызды қоғамдық бастамаларды көтере отырып, түлектерді жас ұрпаққа насихаттау. Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының үндеуімен аймақтың гүлденуін, жаңаруына бағытталған «Таразға тағзым» деген атпен 40 жоба әрбір ауданға, әрбір басқармаға бір-бір жоба бекітіліп, нәтижесінде осының аясында жұмыс басталып кетті. Биыл 64 әлеуметтік жоба және 33 инфрақұрылымдық нысан пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, асарлатып үй салу жобасы аясында қалада 15 үй осы бой көтерді. Нәтижесінде ол үйлер мұқтаж жандарға берілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және көрнекті тұлғалардың, атап айтқанда Жамбыл Жабевтың 175 жылдығы, Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығы, Ыбырай Алтынсариннің 125 жылдығы, Күләш Ахметованың 75 жас мерейтойы ұйымдастырлатын болады . Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылатын іс-шаралардың берер тағылымы мен тәрбиелік мәні ескерілетін болады», — деп атап өтті.

Тараздық түлектер бүгінгі таңда білім жолында биік белестерге жетіп, ғылым жолында тың жаңалықтарға түрен салуда. Жиынға бірқатар түлектер атап айтқанда, ҚР Мәжіліс депутаты Гүлдара Алданышқызы, бірінші санаттағы дәрігер, нейрохирург, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына есімі енген, «Ең үздік жас дәрігер» атағының иегері Марат Аманғалиұлы бейнебайланысқа шығып, өздерінің ізгі тілектерін жеткізді.
Марат Аманғалиұлы әр адамның кіндік қаны тамған, балалықтың үні, жұлдызды сәттер туған өлкеммен тікелей баланысты екенін, өз жетістігінің артында білім берген ұстаздарының тұрғанын ерекше атап өтіп, ұстаздарына алғысын білдірді. Марат Аманғалиұлы ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру қажет екенін, осы мақсатта өзінің білім алған мектебінің оқушыларымен офлайн және онлайн кездесуге шығып тұратынын айтты.

     Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, ақын, журналист Ғайни Әлімбекқызы: «Қазақтың белгілі ақыны Темірхан Медетбек айтқандай: «Қазақта ұлы ақындар көп, бірақ ұлт ақыны болу керек». Ұлт ақыны деген ұлтын сүю, елін сүю , жерін сүю. Жауынменен жер көгерер, батамен ел көгерер деген дақсы сөз бар. Жастарға айтарым, елге туған жерге жақсылық жасай біл, жандандыр біл, жайқалта біл. Бізде қазір не жетіспейді? Рух жетіспейді. Тәуелсіздік бізге мүмкіндіктер берді. Тәуелсіздік қазақтың басына қонған бақыт құсы», — деп жастарға ерекше үндеу білдірді.

Жастарға белгілі Елдос Қадірханов, Арман Жаналиев, Файзулла Сағымбаев ойларын ортаға салды. Форум соңында осындай шара жыл сайын  дәстүрлі өткізіліп, түлектер атқарған мәселелер ортаға салынатын болады делінді.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzжобажомарт түлекТараз
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.