• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:48
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жолымбеттегі жаңартылған фабрикада алғашқы жүз килограмм алтын шығарылды

turan_admin turan_admin
05.09.2022, 12:04
Қазақстан жаңалықтары
Жолымбеттегі жаңартылған фабрикада алғашқы жүз килограмм алтын шығарылды
290
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ақмола облысындағы алтын шығаратын Жолымбет фабрикасында Доре құймалары түрінде алғашқы жүз килограмм алтын шығарылды. АШФ айтарлықтай модернизацияланып, алтынқұрамды кен өңдеу цехының құрылысынан кейін іске қосылды. Бүгінде бұл – кенді де, техногенді-минералды түзілімдерді де өңдеп, Доре құймаларын шығаратын екі цехтық зауыт.

«Қазақалтын Technology» ЖШС фабрикасы техногенді-минералды түзілімдерді (әрі қарай – ТМТ) қайта өңдеу мақсатында 2017 жылы салынған, ТМТ дегеніміз – Жолымбет алтын кен орнындағы байыту фабрикасын пайдаланған алпыс жыл ішінде жинақталған өндіріс қалдықтары. Бұл қалдықтар өңделген соң, қазіргі таңдағы экологиялық заңнаманың талаптарына сай қайта орналастырылды.

Фабрика ТМТ өңдеуді 2021 жылы аяқтады. Құрамына «Қазақалтын Technology» ЖШС кіретін «Алтыналмас» компаниясы шикізат біткенде фабриканы жабудың орнына алтынқұрамды кен өңдеу мақсатында модернизациялау туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ өндіріс қалдықтарында тереңірек орналасқан қымбат металды шығару үшін ТМТ-ны қайта өңдеу туралы шешім қабылданды. 2-фазаны, яғни жылдық өнімділігі 4 млн тонна болатын цехты іске қосу жұмыстары 2022 жылдың сәуірінде басталып, шілде айында аяқталды. Ағымдағы жылда 450 кг алтын шығару жоспарланған.

Кәсіпорын өндірісті кідіртпестен 18 ай бойы модернизацияланды. 2021 жылдың қарашасында жылдық өнімділігі 650 мың тонна болатын кен өңдеу цехын іске қосу және жөндеу жұмыстары басталды, олар ағымдағы жылдың қаңтарында аяқталды. 2021 жылдың желтоқсанында конвейерден алғашқы құйма шықты. Ал 2022 жылы кәсіпорын 710 кг алтын шығаруды жоспарлап отыр.

«ТМТ өңдеу фабрикасының бұрынғы өндірістік қуаты жылына 2,25 млн. тоннаны құрайтын. Модернизациялаудан кейін ТМТ өңдеу фабрикасының жылдық қуаты 4 млн тоннаны, ал кен өңдеуде 650 мың тоннаны құрады», – деді «Қазақалтын Technology» ЖШС Жолымбет филиалының директоры Еділ Отынбаев.

Жұмысты бастамас бұрын қоршаған ортаға тиетін әсерге кешенді бағалау жүргізілді, ол жұмыс істеп тұрған «Қазақалтын Technology» ЖШС өндірісін модернизациялау салдарынан қоршаған орта жағдайы өзгермейтінін көрсетті. Атап айтсақ, АШФ технологиялық схемасында су ресурстарын пайдаланудың тұйық циклі көзделген, ал өндірістік ағындылар жер бедеріне ақпайды.

Жаңартылған фабрика қауіпсіз өндірістің барлық нормалары мен стандарттарына сай және де заманауи жабдықталған. Кәсіпорында тек осы жылдың өзінде жаңа 75 жұмыс орны ашылды.

«Алтыналмас» – алтын өндірісінде ТМТ қайта өңдеу технологиясын қолданатын Қазақстандағы жалғыз компания.

«Фабриканы модернизациялаудағы басты артықшылық – жаңадан құрылған жұмыс орындары және бюджетке түсетін қосымша салық. Сенімді инженерлік жүйелерді пайдаланып, цифрлық шешімдерді ендіргендіктен, фабрика ұжымы қауіпсіз әрі жайлы жағдайда жұмыс істейді, үздіксіз дамиды және жаңа технологияларды игереді», – деп атап өтті «Алтыналмас АК» АҚ Басқармасының Төрағасы Дияр Қанашев.

Модернизацияланған фабрикаға арналған кен жақын маңдағы Жолымбет кенішінде өндіріледі. Осылайша фабриканы модернизациялау нәтижесінде Жолымбет кен орнының кен өңдеу көлемі артты. ТМТ қайта өңдеу цехындағы соңғы өнім – алтынқұрамды көмір, ол «Алтыналмас АК» АҚ Ақсу алтын шығару фабрикасына жіберіледі. Кен өңдеу цехында алтын-күміс құймалар түріндегі Доре қорытпасы өндіріледі.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.