• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 03:35
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
30.09.2026, 18:08
Облыс жаңалықтары
ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды
16
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысында жаңашылдыққа ұмтылып, заманауи оқыту тәсілдерін тәжірибеге енгізіп жүрген педагогтердің басын қосқан «Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» форумы өтті. Партияның облыстық филиалы мен өңірлік білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шара педагогтер арасында тәжірибе мен идея алмасуға арналған алаңға айналды. Форум барысында заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану, сондай-ақ ұлттық және дәстүрлі тәрбие құндылықтарын оқу үдерісімен ұштастыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясының пленарлық отырысында мемлекет білім беру жүйесін дамытуға айрықша мән беріп отырғанын атап өтті. Мұғалімдердің беделін арттыру және оларға жан-жақты қолдау көрсету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл «Педагог мәртебесі туралы» заңға білім беру саласының қызметкерлеріне қосымша құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер беруді көздейтін бірқатар өзгеріс енгізілді.

Қазіргі уақытта мұғалімнің қоғамдағы рөлі қарқынды өзгеруде. Педагог енді тек білім беріп қана қоймай, цифрландыру дәуірінде баланың жан-жақты дамуына бағыт-бағдар беретін тәлімгерге айналып отыр. «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дәурен Каиповбілім беру саласының дамуы, адами капиталды нығайтумен тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Бүгінде партия мүшелерінің шамамен үштен бірі – мұғалімдер. Бұл – біз үшін үлкен сенім әрі зор жауапкершілік. Сондықтан педагогтердің кәсіби ізденістерін қолдау және озық тәжірибелерімен бөлісуіне мүмкіндік жасау маңызды. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект білім беру саласына жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр. Алайда олардың басты мақсаты – балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге қызмет ету», – деп атап өтті Дәурен Каипов.

Қатысушылар баяндама жасап қана қоймай, өз тәжірибелерінен алынған нақты мысалдар мен тиімді тәжірибелерді ортаға салды. Солардың қатарында ерекше әсер қалдырған Тараз қаласындағы №1 гимназияның тарих пәні мұғалімі Әділбек Қыздарбеков болды. Ол ақпараттық технологиялар саласының маманы болмаса да, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін виртуалды көмекші әзірлеген.

Жоба идеясы қарапайым қажеттіліктен туындады. Еңбек жолын енді ғана бастаған жас мамандар жоғары жүктемеге, күрделі жағдайларға және психологиялық күйзеліске жиі тап болады. Әділбек Қыздарбеков әзірлеген виртуалды кеңесші сабақ жоспарын құруға емес, педагогтерге рухани қолдау көрсетуге бағытталып отыр. Мұғалім жасанды интеллект жүйесіне «Мен шаршадым, өзімді қалай қалыпқа келтірсем болады?» немесе «Жұмыста келіспеушілік туындады, оны қалай шешуге болады?» деген сұрақтар қойып, тиісті кеңес алады.

Осындай жаңашыл бастамаларды талқылау ашық пікірталас алаңында жалғасын тапты. Тараз қаласы мен облыс аудандарынан келген он қатысушы цифрлық құралдарды білім беру үдерісіне енгізу, балалардың қабілеті мен талантын дамыту, сондай-ақ педагогикалық көшбасшылықтың жаңа бағыттары жөнінде пікір алмасты. Жобаларды таныстырып, оны қорғаумен қатар, мұғалімдер өздерінің күнделікті еңбек жолы мен кәсіби қызметі туралы эссе жазып, бейнероликтер дайындады.

Форумның барлық кезеңінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы мазмұнды әрі өзектілігі жоғары жобаларды анықтады. Бірінші орынға жасанды интеллект негізіндегі виртуалды көмекші әзірлеген Әділбек Қыздарбеков ие болды. Екінші орынды Тұрар Рысқұлов ауданынан келген Ақжарқын Сәрсенбай иеленді. Үшінші орын Сарысу ауданынан Гүлзипа Сыздықова мен Байзақ ауданынан Жаңыл Рахметқұловаға берілді. Жеңімпаздар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ал форумға қатысқан барлық педагог белсенді атсалысқаны үшін арнайы сертификаттарға ие болды.

«Әділет» партиясы үшін мұндай бастамаларды қолдау – білім беру саласының дамуына және болашақ ұрпақтың әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Заманауи технологиялар мен авторлық педагогикалық әдістемелердің тиімді үйлесуі білімі терең, ойлау қабілеті жоғары әрі жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

 

Тегтер: turaninfoturaninfo.kzЖамбыл облысы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.