• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:54
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жазушы Елен Әлімжан 80 жасқа толды

Ербол Қарашөкеев жазушы, драматург Елен Әлімжанды 80 жас мерейтойымен құттықтады

Turan Redaktor Turan Redaktor
02.10.2025, 14:04
Облыс жаңалықтары
Жазушы Елен Әлімжан 80 жасқа толды
67
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жазушы, драматург, публицист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Елен Әлімжанның 80 жас мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Тағылымға толы кештің тізгінін белгілі ақын, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Ерлан Жүніс ұстады.
Облыс әкімі құттықтау сөзінде қаламы қарымды қаламгердің әдебиет пен мәдениетке қосқан өлшеусіз еңбегін айрықша атап өтті. Сондай-ақ жазушының жас қаламгерлерге дем беріп, қазақ руханиятын байытқан туындылары халық жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.
– Қаламыңыздың қуатымен ел бірлігін, халықтың салт-дәстүрі мен асыл мұраттарын ардақтап, ұлт руханиятын өркендетуге елеулі еңбек сіңірдіңіз. Сіз – қазақ драматургиясы мен әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалыптастырған, ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал еткен көрнекті қаламгерсіз. Туындыларыңыз оқырманның ой-санасын тәрбиелеп, жүрегіне нұр септі. Шығармаларыңыз – ел тарихы мен замана болмысын айшықтаған шежіре, халқымыздың ойы мен арманын бейнелеген қымбат қазына. Бұл мұра келер ұрпақ үшін әрдайым өнеге болып қала береді. Сізге зор денсаулық, сарқылмас шабыт пен ұзақ ғұмыр тілеймін! – деді өңір басшысы.
Ербол Қарашөкеев мерейтой иесінің иығына шапан жауып, жамбылдықтардың атынан құрмет көрсетті.
Бұдан кейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкеновтің мерекелік құттықтау хаты көпшілікке оқылды.
Құттықтау лебіздерін әрі қарай Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Нұралиев пен М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Әсима Нүсіпова жалғастырып, жүрекжарды тілектерін арнады.
Әдебиет пен өнер тоғысқан кеште Елен Әлімжанның сөзіне жазылған «Тағзым ұлы Абайға», «Сері аға» және «Аққұмда туған баламын» атты әуезді шығармалар орындалып, тыңдарман жүрегін тербеді.
Кеш соңында драматургтың жаңа еңбектерінің тұсаукесері өтті. Көпшілікке «Жанұраным» пьесалар жинағы мен «Тарғыл сиыр» әңгімелер топтамасы таныстырылып, оқырман зор ықыласпен қабылдады.
Жазушының замандастары мен әріптестері әдебиет айдынына қосылған сүбелі дүниелердің қадамына сәттілік тілеп, ақжарма лебіздерін білдірді.

Жамбыл облысының әкімдігі

Тегтер: Ербол ҚарашөкеевЖазушыЖамбыл облысыҚұттықтауМерейтой
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.