Жазасын өтеушілер бейнебайланыс арқылы отбасымен сөйлесті
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтейтін бірқатар шет мемлекеттердің азаматтары бейнебайланыс арқылы отбасымен сөйлесті.
Қауіпсіздігі барынша төмен мекеме қызметкерлерінің ықпалымен Skype жүйесі арқылы тілдесу барысында сотты болғандар туған-туысының жағдайын біліп, амандығынан хабардар болды.