2025 жылғы 9-11 мамыр күндері Меркі ауданы, Тұрлыбай батыр ауылында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай грек-рим күресінен 2012, 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында №20 БЖСМ-нің ашық біріншілігі өтті.
Аталған турнирде №10 БЖСМ-нің грек-рим күресі бөлімінің спортшылары жүлделі орындарға ие болды:
• 🥇 Арыстанбек Ақжүрек – 52 кг, I орын
• 🥈 Кәрібай Ержігіт – 29 кг, II орын
• 🥉 Серік Әлинұр – 27 кг, III орын
• 🥉 Самат Әлинұр – 38 кг, III орын
Жас балуандардың жаттықтырушылары – Сәдуақас Бекжігіт пен Қыдыров Бекзат.







