• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:52
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖАМБЫЛДЫҚТАР ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН ҚАЙТЫС БОЛҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕРМЕН ҚОШТАСТЫ

Жамбылдықтар қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлерін ақтық сапарға шығарып салды

turan_admin turan_admin
19.08.2024, 00:39
Бейнеблог, Қазақстан жаңалықтары, Облыс жаңалықтары
ЖАМБЫЛДЫҚТАР ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН ҚАЙТЫС БОЛҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕРМЕН ҚОШТАСТЫ
555
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін жамбылдықтар 17 тамыз күні «Меркі-Шу-Бурылбайтал» республикалық маңызы бар тас жолында қызмет өткеру барысында жол апаты салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Ғалым Арыстанбаев пен Абылайхан Әбішкенді ақтық сапарға шығарып салды.

https://www.instagram.com/reel/C-0LkOkCk__/?igsh=eDZreDh0aGxlMGgy

Жаназаға марқұмдардың отбасысы, ағайын-туыстарымен қатар Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов, ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық ПД бастығының орынбасарлары, аудан әкімдері, бірге қызметте болған әріптестері, достары және ауылдастары қатысты.

https://youtube.com/shorts/KUFHJGG5x38?si=U80h-5t-AElVwjS9

Сондай-ақ, қоштасу жиынында ҚР Ішкі істер Министрі Ержан Сәденовтің, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қазаға байланысты көңіл хаттары оқылып, қайғыға ортақ екендігі және марқұмдардың отбасына мемлекет тарапынан әрдайым қолдау жасалатыны жеткізілді.

— Әріптестеріміздің қызмет барысында, кенеттен қаза болуына байланысты суық хабар баршамыздың қабырғамызды қайыстырды.
Жас болса да өңірдегі қауіпсіздікті сақтау, қоғамдық тәртіпті қадағалауда өлшеусіз өз үлестерін қоса білген азаматтардың әлі де халыққа берер пайдасы мол еді.
Олар мінсіз қызметтерімен қатар, отбасында үлгілі әке, жақсы жар, жақындарына қамқор, айналысына жанашыр болды. Артында қалған отбасы, балалары мен жұбайына әрқашан қолдау жасап, қамқор боламыз деп сенім білдіремін.
Батырлардың жарқын бейнесі мен абыройлы есімі әрдайым жадымызда сақталады, —деп Арманбек Баймурзин қаза болған әріптестерінің жақындарын сабырға шақырып, көңіл білдірді.

Абылайхан Әбішкеннің артында әкесі, әйелі және 2 баласы (ұл және қыз) қалды. Кішкентай қызы қыркүйекте бір жасқа толады, ұлы тамыз айында сүндеттелді. Отбасында Абылайхан ортаншы ұл (3 ұл) болды. Талас ауданы, Ақкөл ауылында жерленді.






Абылайхан Әбішкеннің әйелі күйеуімен болған әңгімелерін есіне алды:
Жолдасым: «Ажал келсе, мен де халық алдындағы қасиетті борышымды өтеп, Ғазиз Байтасовтай қызмет атқарғым келеді» деп айтатын.

Әріптестері ғана емес, туған-туыстары да оны адал қызметкер ретінде білетін. Абылайхан жүргізушілер мен жолаушыларға қауіпсіздік шараларын ескертуден жалыққан емес. Бірақ, өкінішке орай, оның өзі апаттан қайтыс болды.

Ғалым Арыстанбаевтың артында анасы, жесір қалған әйелі және 11 баласы қалды, оның 8-і асырап алынған. Балалардың үшеуі тұрмыс құрып, 3 немере сүйіп отыр. Ұлдарының үлкені Нұрболат әкесі туралы айтты.







«Мен әкемді қатты жақсы көретінмін. Ол мен үшін үлгі болды. Мен оны мақтан тұтамын. Әке өмір бойы жүрегімізде болады. Мен де өскенде полицей боламын. Әкем жұмысын өте жақсы көретін. Осыған байланысты, ол бізбен өте аз уақыт өткізді, бірақ ол әрқашан қызықты және көңілді болатын. Үнемі «Балам, жақсы оқы, бауырларыңа қамқор бол» дейтін. Әкемді соңғы сапарға шығарып салуға келген баршаға алғыс айтамын», – дейді Нұрболат Ғалымұлы.

https://youtube.com/shorts/ufOphaG2sGA?si=vyGBsv3agytUKt6u

Ішкі істер министрлігінің жеке құрамы, басшылық құрамы, бүкіл ардагерлер атынан қайғыра көңіл айтамыз. Неге десеңіз?! Екі қызметкеріміз Абылайхан мен Ғалымды бүгін соңғы сапарға шығарып салдық. Бұл екі азаматымыз бірнеше жыл елімізге адал жұмыс істеп жүрген кісілер. Әрқайсысы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүргенде қаза тапты. Қазіргі таңда министрліктің басшылығының құрамы бүкіл жағдайды жасап жатыр. Жерлеу, бала шағасына көмек көрсетіп жатыр. Министрліктің басшысы полиция генерал лейтенанты Ержан Саденов екі қызметкеріміз Абылайхан мен Ғалымды «Айбын» орденін тапсыруға тапсырма берді. Бала шағасына артында қалған жанұясына бүкіл жағдайын жасайды. Кәмелетке толғанша кәмелетке толғаннан кейін біздің ішкі істер министрліктің жоғарғы оқу орындарына барамыз десе оларға үлесімізді қосамыз» деді Арман Саданов.

TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі қаза болған полицейлердің отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Тегтер: Абылайхан ӘбішкенҒалым Арыстанбаевдтп
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.