• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:35
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылдық полицейлер жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі туралы айтты

turan_admin turan_admin
27.05.2021, 16:45
Абырой, Облыс жаңалықтары
Жамбылдық полицейлер жасөспірімдер арасындағы  суицид мәселесі туралы айтты
228
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбылдық полицейлер жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау тақырыбы өте маңызды әрі өзекті болып тұр. Жасөспірімдер арасындағы өлім жағдайы мен суицид тақырыптарына ерекше назар аударылып,
олардың орын алу себептері талқыланды. Осыған қатысты балалардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерін жиі кездесуде. Өкінішке орай, оның көбі бала өлімімен аяқталады. Суицидтік белсенділік 14-15 жастан бастап жасөспірімдер арасында күрт артып және 16-19 жас аралығында барынша жиі орын алады.

Ағымдағы жылдың төрт айының қорытындысы нәтижесінде облыс бойынша суицид жағдайларының 42,8%-ға (жетіден төртке дейін) төмендеуі тіркелді. Олардың ішінде орын алған деректер – нөл (2020 жылдың төрт айында – бес), әрекет ету дерегі – бес (2020 жылдың төрт айында – екі).

Анықтама: 2021 жылдың сәуір айында орта білім беру мекемелерінде үш қыз бен бір ұл бала суицид жасап, өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауын азайту және оған жол бермеу мақсатында Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полиция қызметкерлері прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау басқармасымен, үкіметтік емес ұйымдармен және өзге де мүдделі органдармен бірлесіп, жыл басынан бері 272 алдын алу іс-шарасын өткізді. Оның ішінде 204 дәріс пен түсіндіру жұмыстары, 26 дөңгелек үстел, 26 акция және 16 спорттық іс-шара өткізілді.

Суицидтің алдын алу мәселесінде балалардың заңды өкілдеріне басты назар аударылады. Әңгіме барысында тәртіп сақшылары ата-аналар үшін бірнеше негізгі қағидаларды анықтады:

1. Баламен сенімді түрде сөйлесу: балалардың физикалық және психологиялық жағдайы туралы мәселелер, болашаққа құрған жоспарлар және әңгімелер жағымды сипатта болуы керек. Балаға оптимистік көңіл-күйді “шабыттандыру”, сенімділікті ояту, өз мақсаттарына қол жеткізе алатындығын көрсету қажет. Баланы сәтсіздікке бола кінәлауға болмайды. Балаға оның жеке басының басымдықтарын табуға көмектесу керек. Оны басқа жолы болғыш, табысты және ақкөңіл адамдармен салыстырмаңыз. Бұл салыстырулар жасөспірімнің өзін-өзі төмен бағалауын күшейтеді.

2. Ата-аналар балалармен мүмкіндігінше жақын болуға тырысуы керек: бірлескен жұмыстармен айналысу, күнделікті өмірге әртүрлілік қосу, демалыс күндері қызықты экскурсияларға бару, үйдегі жұмыстарды орындаудың жаңа тәсілдерін ойлап табу, кинотеатрға, көрмелерге бару. Үй жануарларын асырау, оларға
қамқорлық көрсету бала психологиясына оң әсерін береді.

3. Ата- аналар жасөспірімнің бос уақытына және күн тәртібін сақтауға назар аударуы қажет. Оның жақсы ұйықтайтынына, дұрыс тамақтанғанына, таза ауада жеткілікті уақыт болуына, мобильді спорт түрлерімен немесе қызығушылық секцияларымен айналысқанына көз жеткізу керек.

4. Егер ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер өз баласының суицидтік мінез-құлыққа бейімділігін сезген жағдайда, дереу психолог-маманнан, психиатрдан кеңес алуы қажет.

– Ата-аналарды өздерінің кәмелетке толмаған балаларының тұрмысы мен демалысына қызығушылық танытуға, өз балаларының суицидке бейімділігі белгілерін дер кезінде анықтауға және оларды тәрбиелеу мәселелерінде немқұрайлылыққа жол бермеуге шақырамыз, – деді полиция қызметкерлері.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.