2021 жылғы 12 наурызда Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Тараз қаласының 5513 әскери бөлімінің қызметкерлері мен мерзімді қызмет сарбаздары үшін Есірткі құралдарын тұтынудың зияндылығы туралы, сондай-ақ синтетикалық есірткіні таратудың өзекті мәселелері бойынша дәріс өткізді.
Дәрістің басты мақсаты- жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту.
Кездесу барысында бейнематериалдар көрсетіле отырып, синтетикалық есірткілердің зияны туралы мәселелер талқыланды, сонымен қатар 2020 жылғы 11 қаңтардан бастап заңды күшіне енген есірткі және психотроптық құралдарға қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген
өзгерістер мен толықтырулар жөнінде сөз болды.