Бүгін Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай жарияланған #25мыңқұтқарылғанөмір республикалық акциясын қолдады. Осылайша, өрт сөндірушілер тағы бірнеше ондаған адамның өмірін құтқаруға қол ұштарын созды.
Тараз қаласының Өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері болып табылатын ерікті донорлар, таңертеңнен бастап Жамбыл облыстық қан орталығына келіп, барлық қажетті рәсімдерден өтіп, қан тапсырды. Олардың
көпшілігі үшін бұл рәсімдер үйреншікті, қан орталығында оларды қазірдің өзінде біледі, өйткені олар осы орталықтың қан банкін толықтыруға жиі көмектеседі.
Осылайша, Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы өзінің күрделі және қауіпті жұмысы барысында, адамдардың өмірін құтқарып қана қоймай, сонымен қатар одан тыс азаматтарға көмектесуге үлкен көңіл бөледі.






