• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбылдық онкохирургтар бірегей ота жасады

27.05.2021
0
Жамбылдық онкохирургтар бірегей ота жасады
167
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

23 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ауруы жанына батып, бір аптадай аяғынан жүре алмай қалған соң, Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының онкологиялық құрылымына қайырылады. Медициналық тексерістен өткізілген соң, оның сан сүйегінде қатерлі ісіктің барлығы анықталады. «Остеосаркома» деп аталатын қатерлі ісік, сүйек тінінен пайда болады және ол сүйектердегі ең жиі кездесетін қатерлі процесс.

Мұндай жағдайда уақыт өткізбей шұғыл түрде хирургиялық араласу арқылы ісікті алып тастау қажет. Жамбыл облысында мұндай ота түрі бұрын- соңды жасалмаған. Ол үшін науқастар Алматы немесе Нұр-Сұлтан қалаларындағы арнайы орталықтарға жіберілетін. Жергілікті дәрігерлер өзара кеңесе келе, бірауыздан ота жасауды ұйғарады. 2 сағаттан астам уақытқа созылған күрделі ота түріне хирургтар мен онкологтар барын салады. Өз деңгейінде сәтті жасалған отадан соң, жансақтау бөлімінде өмірі бақылауға алынып, өз-өзіне келген соң, жағдайы жақсарып, үйіне шағарылады.

«Мен өзімді жақсы сезінемін. Қазір еш жерім ауырмайды, сүйемелдесе жайлап жүре аламын. Мені аяққа тұрғызған дәрігерлерге алғысым шексіз. Енді мен алдағы уақытта қайтадан спортпен айналыса алатын болдым. Қуанышымда шек жоқ», — дейді ол.

Мамандардың пікірінше, бұл өте сирек кездесетін кесел. Медицина тілімен айтқанда, саркомаға уақтылы операция жасамаса, кейін кеш болады. Мұндай жағдайда жігіттің аяғын кесуге тура келетін еді. Онкохирургтер қатерлі ісікті алып қана қоймай, эндопротез имплантациясын да қойды. Енді ол тізе буыны қызметін атқарады.

«Бұрын мұндай диагноз қойылған жан үшін біздің медицина дәрменсіз болатын, ал қазір ісік жайлып кетсе де күресе алатын жағдайға жеттік. Енді пациент әрі қарай химия, сәуле терапияларын алып, емделе алады. Біз жаңа технологиялардың көмегі мен заманауи қондырғылардың арқасында науқастың аяғын сақтап қалдық. Енді оңалту шараларынан кейін, пациентіміз толыққанды өмірге оралады» — дейді онкологиялық құрылымның онкохирургі Жандос Сейдахметов. Алдағы уақытта Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының онкологиялық құрылымында мұндай ота түрі жасалатын болды.

Фота интернеттен алынды https://images.app.goo.gl/5ns1We3hMmeJcNm6A

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский