• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:55
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылдық әлем және олимпиада чемпиондарының айлықтары қанша?

turan_admin turan_admin
18.09.2018, 09:22
Қазақстан жаңалықтары, Облыс жаңалықтары
Жамбылдық әлем және олимпиада чемпиондарының айлықтары қанша?
285
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Спорт – денсаулық кепілі дейміз. Тәннің хәлін жақсартып, дұрыс өмір сүруге жетелейтін де – спорт. Мемлекеттік даңқын аспандатып, спортшының есімін асқақтататын да – спорт. Ежелден адамдар спортпен өз-өзін дамыту үшін шұғылданып келсе бүгінгі күні, бұл, ақшаны суша сапыратын сала түріне айналған. Себебі мемлекет байрақты бәсекелерде елдің туын желбіретіп, әнұранын әуелеткен өз спортшыларына қазына қаржысын аямай төгеді. Ал оның мөлшері кімді де болсын қызықтыратыны анық.
Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №262 қаулысына сәйкес ересектер, жасөспірімдер, жастар арасындағы олимпиада, Азия ойындарының, әлем чемпионаттарының жеңімпаздарына, жаттықтырушыларына, ұлттық құрама басшыларына, клуб жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай төлемдердің мөлшері белгіленген. Қаулыда аталмыш төлемдер спортшы және оның жаттықтырушысымен келісім шартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі сәйкес жарыстарға дейін жүзеге асырылатыны айтылған. Сонымен қатар, спортшы бір жылдың ішінде бірнеше үлкен жетістіктерге жететін болса ақшалай төлем ең жоғарғы көрсеткіш бойынша жүргізілетін болады.
Мысалы, жуырда ғана Индонезиядағы Азия ойындарынан алтын медаль қанжылаған Гузалия Гафурова ай сайын 145 АЕК мөлшерінде табысқа кенеледі екен. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 АЕК мөлшері 2405 теңгені құрайтынын ескерсек, каратэші қызымыз ай сайын 348 725 теңгеге ие болады. Ал аталмыш ойында сәтсіздікке ұшырап, жарақат алып қалған жерлесіміз Елдос Сметовке Рио олимпиадасындағы күміс жүлдесі үшін ай сайын 582 АЕК, яғни 1 млн 399 710 теңге бөлінеді. Ал Елдостың жаттықтырушысы шәкіртін баптағаны үшін 264 АЕК, яғни 634 920 теңге қаражатқа кенеледі. Айта кететін жәйт, айлық төлемнің мөлшері спортшының жеткен жетістігіне байланысты арнайы бекітілген. Нақтылай кетсек, олимпиаданың алтынын алған спортшы ай сайын 727 АЕК – 1 млн 748 435 теңге көлемінде ақшаға ие болар еді. Өкінішке орай, өңірде әзірге мұндай көрсеткішке ие болған спортшы болмай тұр. Рио олимпиадасында Жамбыл облысынан тек қана Елдос Сметов көзге түсіп күміс жүлдегер атанған еді. Ал олимпиаданың қоласын місе тұтқан спортшылардың қоржынына ай сайын мемлекет тарапынан 436 АЕК – 1 млн 048 580 теңге түсіп отырады. Айлық есептік көрсеткіштің жыл сайын өсетінін назарға алсақ, спортшылардың алатын төлемдері де көбейе береді.
Көрсетілген сандар ақшаға айналғанда әр адамның санасында «ақшаға кенелу үшін спортпен айналысу керек екен ғой» деген біртүрлі пиғыл жататыны жасырын емес. Алайда алпауыт мемлекеттермен сайысқа түсіп, елдің абыройы сарапқа салынатын бәсекелерде спортшылардың бойында ақшаға деген арзан қызығушылық емес, мемлекетке деген зор махаббат тұратыны белгілі.
Бұл сандарды үлкен спорттық жарыстарда «жеңіске жетсе екен» деп әрбір спортшы үшін теледидар алдында дегбірі қашып отыратын көрермендер мен жанкүйерлер үшін арнайы ұсынып отырмыз. Балаларыңызды спортқа баулыңыздар. Қу ақшаның соңында кету үшін емес, елдің мерейі үшін әлбетте.

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ

Тегтер: гафуроваДене шынықтыруелдосЖамбыл облысысметовспорт
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.