• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылдық фермерлер астанадағы жәрмеңкеде 300 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдерін ұсынады

turan_admin turan_admin
10.09.2020, 17:05
Облыс жаңалықтары
Жамбылдық фермерлер астанадағы жәрмеңкеде 300 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдерін ұсынады
241
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тараздан елордаға автокеруен аттанды. Керуен құрамында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тауарлары тиелген он үлкен жүк автомобилі бар. 12-13 қыркүйек аралығында «Хан шатыр» сауда ойын — сауық орталығы жанындағы алаңда өтетін жәрмеңке барысында Жамбыл өнімдері сатылатын болады.

Жамбылдықтар елорда тұрғындарына құны 320 миллион теңге болатын 282,6 тонна азық-түлік өнімдерін ұсынбақ. Тоңазытқыштармен жабдықталған автокөліктермен елордаға ет, балық, шұжық, сүт, кондитерлік және макарон өнімдері, өсімдік майы, бал, кептірілген жемістер мен көкөністер жеткізілмек. Олардың бәрі нарық бағасынан 10-20 пайызға төмен бағада сатылатын болады. Өнімдерді Жамбыл облысының 10 ауданы мен Тараз қаласынан 90 ауылшаруашылық тауар өндірушілері  ұсынуда.

Т.Рысқұлов ауданынан астанаға «Подгорное» ЖК-нің құны 1,5 миллион теңгенің шұжық өнімдері жөнелтілген.

— Бұл өз өнімдерімізді ешқандай делдалдарсыз өткеруге, бәсекелестік ортаны зерделей түсуге жақсы мүмкіндік. Егер елордалықтар біздің өнімдерімізге жоғары сұраныс танытып жатса, онда ол жаққа өз тауарымызды тұрақты түрде жөнелтіп тұратын боламыз, — деді шұжық цехының басшысы Марина Ильиных.

Байзақ ауданының «Раушан» шаруа қожалығы Нұр-Сұлтанға қара өрік, алма, жылыжай қияры мен қызанақ, жүзім, ал Жамбыл ауданының «Аса — Даму» ЖШС-і бес мың дана жұмыртқа жіберген.

Жәрмеңкеде таластық «Аянұр» және «Айнар» шаруа қожалықтары екі тонна сиыр етін келісін 1700 теңгеден сатуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, барлық өнімдер санитарлық-ветеринарлық талаптарға сәйкес келеді және тауардың сапасы мен шығуы  туралы сертификаттарға ие.

Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Амановтың айтуынша, ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында өткізілуде.

— Барлық азық-түлік тауарлары қол жетімді бағамен сатылатын болады. Біздің өнімдеріміз Нұр-Сұлтан тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие, — деп атап өтті ол.

Жалпы, жыл басынан бері жамбылдық ауылшаруашылық тауар өндірушілері 155 миллиард теңгенің өнімін өндірсе, оның 2,8 пайызы ет өнімдері, 1,9 пайызы сүт өнімдері, 1,7 пайызы жұмыртқа құрайды.

 Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.