• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
22.10.2026, 10:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылдық балуандар чемпиондық тұғырда

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
21.10.2026, 22:49
Спорт
Жамбылдық балуандар чемпиондық тұғырда
6
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының спортшылары 2026 жылы қазақ күресі мен жекпе-жектен өткен республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, өңір мерейін үстем етті. Бірқатар балуан Қазақстан чемпионаттары мен кубоктерінде жүлделі орындарға ие болса, халықаралық бәсекелерде чемпиондық тұғырға көтерілді. Сонымен қатар жасөспірімдер мен мектеп оқушыларын ұлттық спортқа тарту бағытындағы жұмыстар да жүйелі түрде жалғасуда.

Қазақ күресінен жамбылдық балуандар жыл басынан бері бірқатар ірі жарыста шеберліктерін дәлелдеп, үздіктер қатарынан көрінді. 21-25 сәуір аралығында Семей қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Кемелбек Сабырбек 100 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынды иеленді. Ал 60 келіде белдескен Исаханов Нұрхат қола жүлдегер атанды.

Түркістан қаласында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының кубогінде Федоров Данил жеңімпаз атанып, өзінің жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Ал 14-15 мамыр күндері Қарағанды қаласында өткен Азия кубогінде Сүлеймен Ернұр 60 келі, Нұғман Бейбарыс 90 келі салмақ дәрежелерінде чемпион атанса, Федоров Данил 100 келіден жоғары салмақта үшінші орынға ие болды.

Жамбылдық спортшылардың халықаралық аренадағы жарқын жетістіктерінің бірі 22-24 тамыз аралығында Әзербайжанның Баку қаласында өткен ересектер арасындағы қазақ күресінен әлем чемпионатында тіркелді. 60 келі салмақ дәрежесінде белдескен Сүлеймен Ернұр қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өткен жарыста да ол 60 келі салмақта чемпиондық атақты иеленді. Бұл нәтижелер балуанның жоғары шеберлігін және халықаралық деңгейдегі бәсекелерде тұрақты нәтиже көрсете алатынын аңғартады.

Жамбыл облысының спортшылары жекпе-жектен де табысты өнер көрсетіп келеді. 7-10 қазан аралығында Тараз қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында облыс құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды. Жарыс барысында 71 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бекболат Рауан күміс жүлдегер атанды. Ал 52 келіде белдескен Төлепперген Гүлмира мен 67 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі Оразхан Зейнеп қарсыластарынан басым түсіп, чемпиондық атақты жеңіп алды.

Спортшылардың жетістіктерімен қатар, жас ұрпақты ұлттық спорт түрлеріне баулу жұмыстарына да басымдық берілуде. Осы мақсатта мектеп оқушылары арасында мектеп лигалары мен түрлі турнирлер ұйымдастырылып, асық ату мен тоғызқұмалақтан аудандық және облыстық біріншіліктер тұрақты өткізіледі. Мұндай жарыстар балалардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ептілігін, ойлау қабілетін, төзімділігі мен жеңіске деген жігерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұлттық спортты дәріптеу, жас спортшылардың шеберлігін шыңдау және олардың республикалық әрі халықаралық додаларда өңір намысын абыроймен қорғауына жағдай жасау – маңызды міндеттердің бірі. Жамбылдық балуандардың биылғы жетістіктері өңірде ұлттық спорттың дамып, спортшылардың жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқанын көрсетеді. Ал жас буынды спортқа тартуға бағытталған жүйелі жұмыстар ұлттық спорттың өрісін кеңейтіп, болашақ чемпиондардың қалыптасуына жол ашады.

Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды


Тегтер: Жамбыл облысыкүресчемпиондық тұғыр
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбылдық садақшылар республикалық жарыстарда топ жарды

Жамбылдық садақшылар республикалық жарыстарда топ жарды

20.10.2026, 09:11
Жамбылдық спортшы Пара Азия ойындарында қола медаль иеленді

Жамбылдық спортшы Пара Азия ойындарында қола медаль иеленді

19.10.2026, 18:26
Жамбылда 24 мыңнан астам адам ұлттық спортпен айналысады

Жамбылда 24 мыңнан астам адам ұлттық спортпен айналысады

19.10.2026, 18:13
Жамбылдықтар әлем чемпионы Юсуф Ашраповты салтанатты түрде қарсы алды

Жамбылдықтар әлем чемпионы Юсуф Ашраповты салтанатты түрде қарсы алды

19.10.2026, 00:41
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбылдық балуандар чемпиондық тұғырда

21.10.2026, 22:49

Ұлттық өнер ұлықталған «Бабалар аманаты» жобасы

21.10.2026, 17:04

Отбасылық байланыстарды қалпына келтіру» жобасы қорытындыланды

21.10.2026, 16:57

«Белсенді қауым – берекелі ауыл»: игі бастамалар қорытындыланды

21.10.2026, 16:53

Жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған «Digital Jastary» жобасы жүзеге асырылды

21.10.2026, 16:39

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АҚОРДАДА КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР: ҮШ ЛАУАЗЫМҒА ҚАТЫСТЫ ӨКІМ ШЫҚТЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясына жаңа төраға сайланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.