• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:33
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылда үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді

Жамбыл облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы өңірде 14 білім беру нысаны пайдалануға берілді.

Turan Redaktor Turan Redaktor
16.01.2026, 11:30
Облыс жаңалықтары
Жамбылда үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді
73
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Биыл 12 білім беру нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр

Жамбыл облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы өңірде 14 білім беру нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде 10 мектеп бар. Аталған мектептердің төртеуі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынса, қалған 4 нысан қолданыстағы мектептерге жапсарлас ғимарат ретінде бой көтерді. Нәтижесінде 1 апатты, 1 үш ауысымды, оқушы орны тапшылығы бар 5, тозығы жеткен 6 және асханасы жоқ 1 мектептің мәселесі оң шешімін тапты, деп хабарлады  Jambylinfo.kz

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков баяндады.

Аталған жұмыстардың нәтижесінде өңірде үш ауысымды мектеп мәселесі толықтай жойылды. Қазіргі таңда облыста 1 апатты, 11 тозығы жеткен және оқушы орны тапшылығы бар 17 мектеп тіркелген.

Биыл 12 білім беру нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Соның арқасында оқушы орны тапшылығы бар 2 мектептің, тозығы жеткен 4 мектептің, сондай-ақ спорт залы мен асханасы жоқ 6 мектептің мәселесі шешіледі.

Сонымен қатар Мойынқұм ауданы Күшаман ауылындағы Амангелді атындағы апатты мектептің орнына 80 орындық жаңа білім беру нысанының құрылысын бастау көзделуде.

2025 жылы облыста 16 білім беру нысанына 11 млрд теңге көлемінде күрделі жөндеу жүргізілді. Бұдан бөлек, 26 мектеп, 14 балабақша және 1 арнайы мектеп ағымдағы жөндеуден өтті.

Сондай-ақ 2,2 млрд теңгеге жаңа үлгідегі пәндік кабинеттер, STEM-зертханалар, асхана, кітапхана және спорт құрал-жабдықтары, мектеп жиһаздары, турникеттер мен компьютерлік техника сатып алынды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен 750 млн теңгеге 3 мектеп заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Өңірде тұңғыш рет мамандандырылған әскери мектеп-интернаты ашылып, «Дарын» лицей-интернаты жаңа ғимаратқа көшірілді. Биыл ІТ лицей-интернатына арналған 300 орындық қосымша ғимараттың құрылысы аяқталады.

Бүгінде Жамбыл облысында 619 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеп, онда 63 645 бала тәрбиеленуде. 531 жалпы білім беру ұйымында 245 мыңнан астам оқушы білім алуда.

Өткен жылы облыс оқушылары мен педагогтері бірқатар елеулі жетістікке қол жеткізді. Халықаралық және республикалық байқауларда 113 педагог жеңімпаз атанса, облыс оқушылары халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында 468 медаль иеленді. Дарынды оқушылар  республикалық ғылыми жобалар конкурсында 16 жыл қатарынан «Үздік команда», ал республикалық олимпиадада «Үздік олимпиадалық команда» атағын жеңіп алды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.