• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылда рұқсат қағаз бермегені үшін шенеуніктерге 1,2. млн айыппұл салынды

Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету – мемлекеттік аппарат жұмысының басты қағидаты

turan_admin turan_admin
19.02.2026, 08:58
Облыс жаңалықтары
Жамбылда рұқсат қағаз бермегені үшін шенеуніктерге 1,2. млн айыппұл салынды
398
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, тиімді, әділ, ашық және қоғам сұранысына жедел жауап беретін, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппарат қалыптастыру – басты міндеттердің бірі.

Қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланыс көп жағдайда мемлекеттік қызметтерді алу барысында жүзеге асады. Азамат дүниеге келген сәттен бастап өмірінің әр кезеңінде түрлі мемлекеттік қызметтерді пайдаланып, мемлекетпен тығыз қарым-қатынаста болады.

Осы ретте мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері тарапынан жүзеге асырылады.

Жамбыл облысы бойынша департамент өңірде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау, халыққа қолайлы жағдай жасау, қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Өңірде мемлекеттік қызметтерді 21 орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері, 11 облыстық басқарма, сондай-ақ Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданының жергілікті атқарушы органдары мен мемлекеттік ұйымдары көрсетеді. Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 373 қызмет түрі ұсынылады. Оның 197-сі орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне, ал 176-сы жергілікті атқарушы органдарға тиесілі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 14 484 695 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде қағаз нысанда көрсетілген қызметтер саны 262 592 немесе 1,8 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға төмендеген. Ал электронды түрде көрсетілген қызметтер саны 14 196 617 немесе 98,01 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда артқан.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қызмет алушылардың өтініштері мен шағымдары негізінде тексеру, сондай-ақ талдау, мониторинг нәтижелері және бақылаудың өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.

2025 жылдың есепті кезеңінде департамент тарапынан барлығы 30 бақылау жұмысы жүргізілді. Оның ішінде 14 жоспарлы және 16 жоспардан тыс тексеру өткізілді. Нәтижесінде 13 067 заңбұзушылық анықталды.

Сонымен қатар мемлекеттік органдардың әкімшілік рәсімдеріне тұрақты мониторинг жүргізіліп, «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы қашықтықтан бақылау жүзеге асырылады. Мониторинг нәтижесінде 5 845 бұзушылық анықталып, 136 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік органдарға 238 ұсыным берілді. Бұдан бөлек, рұқсат беру құжаттарының мерзімін бұзу және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтамау фактілері бойынша 11 лауазымды тұлғаға қатысты 20 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 1 218 920 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы халықты ақпараттандыру мақсатында 92 іс-шара өткізілді. Оның ішінде семинарлар, қоғамдық бақылау, радио бағдарламалар, бейнероликтер және арнайы оқыту курстары ұйымдастырылды.

Ведомствоаралық жұмыс тобының 4 отырысы өткізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында 28 ұсыныс енгізілді. Сонымен қатар жергілікті деңгейдегі Қоғамдық кеңестердің 23 отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мәселелер қаралып, құзырлы органдарға 115 ұсыныс берілді.

Қазіргі таңда қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру мәселесіне ерекше назар аударылуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 731 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. Оның ішінде жоспарлы тексеру барысында – 145, жоспардан тыс тексеру нәтижесінде – 19, сұрау салу арқылы – 19, қашықтықтан бақылау арқылы – 547, ал Telegram-бот арқылы 1 азаматтың құқығы қорғалды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған немесе заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8 «А» мекенжайы немесе 8 (7262) 43-88-08 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Сондай-ақ өтінішті E-otinish бірыңғай платформасы арқылы немесе 08.Onay.qyzmet Telegram-каналы арқылы жолдауға мүмкіндік бар.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.