• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.11.2026, 10:34
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылда биыл 12 мыңға жуық ақ халаттының жалақысы 20-30 пайызға өсті

turan_admin turan_admin
27.07.2021, 11:43
Облыс жаңалықтары
Жамбылда биыл 12 мыңға жуық ақ халаттының жалақысы 20-30 пайызға өсті
203
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы қаралды.

        Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, бала туу көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,59 пайызға артып, 25,47 пайызды құрады. Өлім көрсеткіші 3,3 пайызға айналған. Туберкулезден болатын өлім-жітім 25 пайызға, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 8,8 пайызға төмендеген.

— Жыл басынан бері облысымызға 14 жас дәрігер келді, олардың 2-уі облыс орталығында, қалғандары аудандарда жұмыс жасауда. Кадр тапшылығын шешу мақсатында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры мен Жамбыл облысының әкімі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткен жылы Тараз қаласында аталған жоғары оқу орнының филиалы ашылды, — деді Әсет Қалиев.

Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Жамалов жыл сайын медициналық мамандықтарға берілетін білім гранттарының саны артып келе жатқанын жеткізді.

— Аудан және қала әкімдіктері жас мамандарға қажетті жағдайларды жасауға міндетті, — деді Бердібек Сапарбаев.

Жыл басынан бері 3248 дәрігердің жалақысы 30 пайызға, 8648 медицина қызметкерінің жалақысы 20 пайызға артты.

Медициналық ұйымдардың қажетті құрал-жабдықпен қамтылу деңгейі 87,9 пайызға жетті (өткен жылы – 64,4 пайыз).

— Коронавирустық пандемияға қатысты ахуал күн санап нашарлауда. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша жұмыс жасау қажет. Вирус жұқтырғандарды компьютерлік томографиямен қамту керек. Бүгінгі таңда облыс бойынша КТ апараты Қордай, Меркі, Шу аудандарында және Тараз қаласында бар. Қалған аудандар да бұл мәселені шешуі керек, — деп тапсырды облыс әкімі.

— Әлеуметтік желілерде жамбылдықтар жедел жәрдем станциясының жұмысына қатысты жиі шағымданады. Осы орайда, өткен жылы жаңа көліктер сатып алынған болатын. Жаңа көліктер ақ халаттылардың емделушілерге келуін жеделдетіп, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға тиіс еді. Бірақ шағымдар әлі де толастамауда. Жедел жәрдемнің жеделдігін арттыру бойынша шаралар қабылдаңыздар, — деді облыс әкімі Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері Венера Балқыбековаға қарата.

— Сақтандырылмаған азаматтардың саны ағымдағы жылдың 1 шілдедегі деректер бойынша 230 630 адамды (20,2 пайыз) құрады, МӘМС жүйесінде 912 453 азамат немесе халықтың жалпы санының 79,8 пайызы сақтандырылған, — деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ» облыстық филиалының директоры Мавлюда Боқаева.

Облыс әкімі халықты міндетті медициналық сақтандырумен қамтуды барынша арттыруды тапсырды.

– Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – уақытылы, сапалы медициналық қызмет көрсетуге әсер ететін басты факторлардың бірі. Маған екі айлық дәрі-дәрмек қоры қалыптасқаны туралы баяндалды. Бірақ нақты іс жүзінде де солай ма? Бұл мәселені қатаң бақылауға алу керек, — деп тапсырды облыс әкімі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев әлеуметтік желілерде тұрғындардың дәрігерлерге онлайн режимінде жазылу қиындығын айтып шағымданатынына назар аударды. Ол «Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының» облыстық филиалына барлық бұзушылықтарды жоюды тапсырды.

Басқосу барысында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділдә Шыналиев те баяндама жасады.

Сондай-ақ, аймақ басшысы COVID-19-ға қарсы күресте мониторингтік топтар жұмысының маңыздылығын еске салды.

— Коронавирус жұқтырғандардың саны өсуде, дегенмен, бұл өкінішке орай мейрамхана иелері мен той өткізушілерді алаңдатар емес. Сондықтан, қауіпті вируспен күресте мониторингтік топтарға маңызды міндет жүктеліп отыр, — деп атап өтті облыс әкімі.

Жауапты тұлғаларға медициналық мекемелерді оттегімен қамтамасыз ету жүйесін құру тапсырылды.

— Егер мәселе туындаса, бірден айтыңыздар, жасырып қалмаңыздар. Қайта түйткілдерді тез арада шешуге тырысу керекпіз. Адам өмірі қатысты жағдай болған соң, біз қателеспеуге міндеттіміз, — деді Бердібек Сапарбаев.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58
Әулиеата өңірінде бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

Әулиеата өңірінде бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

12.11.2026, 10:34
Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22
«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.