• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:09
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылда 70 мың тонналық әк зауыты пайдалануға берілді

Жамбыл облысының «Тараз» индустриялық аймағында жылына 70 мың тонна жоғары сапалы күйдірілген әк өндіретін зауыт ашылды

turan_admin turan_admin
17.11.2025, 17:56
Облыс жаңалықтары
Жамбылда 70 мың тонналық әк зауыты пайдалануға берілді
25
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Салтанатты іске қосу рәсіміне өңір басшысы Ербол Қарашөкеев, «Жамбыл Invest: жаңа жобалар – жаңа жұмыс орындары» республикалық баспасөз турына келген журналистер және жергілікті тұрғындар қатысты.
Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу саласына инвестиция тарту туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды. Инвестициялық құны 2 млрд теңге болатын кәсіпорын 100 жаңа жұмыс орнының құрылуына ықпал етті.
– Бүгінгі бастама – ел Президенті жүктеген міндеттермен толық үйлесетін нақты қадам.
Біздің мақсатымыз – өңір экономикасын жаңа деңгейге көтеретін өндірістерді арттыру және инвесторлармен өзара тиімді әріптестік орнату. Бүгін іске қосылған жоба – осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі.
Облыс әкімдігі инфрақұрылым тарту, инженерлік желілермен қамтамасыз ету және қажетті әкімшілік қолдау көрсету жұмыстарын орындап отыр.
Инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруды бұдан әрі де жалғастырамыз.
Жаңа өндіріс орны еліміздің өркендеуіне үлес қоса берсін! – деді Ербол Қарашөкеев.
Өндіріс ошағы қажетті шикізатты жеке карьерінен алады, бұл әктасты қазудан бастап дайын өнім шығаратын кезеңге дейін сапаны тұрақты бақылауға мүмкіндік береді. Өнім өндірушісі – «KazGeoEnergy» ЖШС, өңірдегі 1-сыныпты әк шығаратын жалғыз кәсіпорын.
Зауыт заманауи технологиялармен және озық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Оның ішінде немістің Siemens AG мониторинг жүйесі орнатылып, өндірістің барлық кезеңінде сапаны жоғары дәлдікпен бақылауды қамтамасыз етеді.
Өндірілетін күйдірілген әк экономиканың негізгі салаларында кеңінен қолданылады:
Құрылыс саласында – байланыстырғыш материал ретінде, силикат кірпіш, цемент, газоблок, сылақ өнімдерін дайындауда;
Металлургияда – қоспаларды бөліп алу және кенді байыту кезінде флюс ретінде;
Химия өнеркәсібінде – сода, кальций карбиді, ацетилен, бояу-лак өнімдерін өндіруде негізгі шикізат ретінде;
Азық-түлік өнеркәсібінде – қант, нан, сүт өнімдерін әзірлеуде, сондай-ақ Е-529 тағамдық қоспасының құрамына кіреді.
Жаңа зауыт өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырудағы маңызды қадам болып отыр. Ол облыс экономикасына елеулі үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, импортты алмастыруға және отандық өнеркәсіпті нығайтуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, өңір өнеркәсіп саласында жаңа рекорд орнатты: 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында 919 кәсіпорында еңбек ететін 41 мың адамның күш-жігерінің нәтижесінде 1 трлн теңге көлемінде өнім өндірілді. Бұл көрсеткіш Жамбыл облысын республиканың барлық өңірлері арасында бірінші орынға шығарды.
Тегтер: Жамбыл облысы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.