• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Жамбыл Жабаев бүгін Instagram-да не туралы жазар еді?» тақырыбында ерекше форматтағы байқау өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Жамбыл Жабаев бүгін Instagram-да не туралы жазар еді?» тақырыбында рух пен технология тоғысқан ерекше байқау өтті.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
15.04.2026, 19:22
Облыс жаңалықтары
«Жамбыл Жабаев бүгін Instagram-да не туралы жазар еді?» тақырыбында ерекше форматтағы байқау өтті
163
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды «Жасанды интеллект» жылы деп жариялауы – ел дамуының жаңа белеске қадам басқанын айқындайды. Осы бастамамен үндескен шара дәстүр мен заманауи технологияның үйлесімін сәтті көрсетті. Көрермендер уақыт пен кеңістікті байланыстыратын ерекше шығармашылық атмосфераға куә болды.

Шараның басты ерекшелігі – жүргізушілердің бірі жасанды интеллект болуы. «Темірбек» атты ЖИ кейіпкері арқылы цифрлы дәуір мен рухани құндылықтардың байланысы көркем түрде ашылып, көрерменге жаңа форматтағы жүргізу стилі ұсынылды.

 

Байқауға өңірдегі жетекші оқу орындары мен мәдени мекемелерден 30-ға жуық жұмыс ұсынылды. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын ұлттық-мәдени элементтердің қолданылу деңгейі, эмоциялық және зияткерлік әсері, техникалық сапасы, идеяның жаңашылдығы және форматқа сәйкестігі бойынша бағалады. Нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.

Шара аясында «Жыр алыбы – Жамбылым» атты кітап көрмесі, робототехника көрмесі, дрон көмегімен ақын портретінің әуеде көрсетілімі, ақынның «Таңдамалы» жинағының брайль қаріпіндегі тұсаукесері, сондай-ақ байқаудың үздік бейнероликтері ұсынылды. Сонымен қатар жасанды интеллекттің даму тарихы таныстырылып, Жамбыл мен Құлмамбет айтысының жаңаша форматтағы көрінісі сахналанды. Бұл көрініс ғасырлар үнін бүгінгі технологиямен үйлестірген әсерлі сәттердің бірі болды.

Шара соңында көрерменге болашақ ұрпаққа арналған рухани үндеу жолданып, өнер мен технологияның бірлікте дамуының маңыздылығы атап өтілді. Аталған байқау – ұлттық мұраны жаңа форматта насихаттаудың жарқын үлгісі. Жамбыл жыры цифрлы дәуірде де өзектілігін жоғалтпай, жаңа тыныс алғанына тағы бір мәрте көз жеткіздік.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
І орын – «Әлем» кәсіби білім беру колледжінің кітапханашысы Гүлсім Жақсымбетова;
ІІ орын – IT мамандандырылған лицейінің оқушысы Бейсен Едіге;
ІІІ орын – Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімінің кітапханашысы Айгерім Үркумбаева.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлдана Серікбаева, Мәдениет саласының үздігі, Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының директоры Ахметжан Өзбеков және Жамбыл облысы “Ассамблея жастары” Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің төрағасынының орынбасары — Евгений Кравчук қатысушылардың жұмысын бағалап, әділ бағасын берді.

Сондай-ақ «Үздік визуал», «Юмор», «Әдеби сын», «Ой ұшқырлығы» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар берілді.

Тегтер: БайқауЖамбыл ақынЖасанды интеллекет
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.