«2025 жылдың 8 айының қорытындысымен №33, 35 және 39 БЖСМ-нің спортшылары Республикалық және Халықаралық деңгейдегі ресми жарыстарда медаль алмаған. Одан бөлек, №35 БЖСМ-нің спортшылары республика мен халықаралық жарыстарды айтпағанда облыстық жарыстардың өзінде жүлдеге ілікпеген» деді Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ғали Раймқұловтың баяндама етті.
Бүгінгі күнге облыс бойынша 2 353 спорт нысаны жұмыс атқаруда. 2025 жылы облыс бойынша 21 спорт нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 18 спорт нысан бюджет есебінен, ал қалған 3 спорт нысан демушілер есебінен. Бүгінгі күнге, Қордай ауданы Қарасай ауылындағы спорт кешені қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін 9 жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа беру көзделуде. Ал қалған 11 спорт нысаны 2026 жылға өтпелі.
«Жаңа оқу жылына сапалы дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша Ернар Таласбекұлы Сіздің берген хаттамалық тапсырмаңызға сәйкес 9 спорт мекемесі мерзімдерінен кешіктіріп, қосымша уақыт алған болатын. Бүгінгі күнге, 4 спорт мекемесі уақытылы, 2 спорт мекемесі кешіктіріп орындаса, 3 спорт мекемесі әлі күнге дейін орындаған жоқ. Олар, Тараз қаласындағы №2 және №3 ОМБЖСМ, Сарысу ауданындағы №26 БЖСМ. Аталған мекемелерде, жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін аяқталған жоқ» деді Ғали Раймқұлов.
Мемлекеттің бөлетін қаржысына қарап отырмай, демеушілер тартып, жөндеу жұмыстарын жүргізген мекемелер де бар. Атап айтқанда, №8 ОМБЖСМ, Қордай ауданындағы №17, Сарысу ауданындағы №26, Талас ауданындағы №31, Шу ауданындағы №36, №38 БЖСМ. Қаржылай қамтамасыз етілген жағдайда кез келген міндеттің орындалуы жеңілдейді. Ал, шектеулі материалдық ресурстар аясында тиімді нәтижеге қол жеткізу – бұл нағыз шеберлік пен тәжірибенің көрсеткіші деп есептейміз.
Спорт мекемелері тарапынан Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерде де кемшіліктер жіберу орын алуда. Соңғы 8 айдың қорытындысымен біршама бас тарту фактілері орын алды. Оның ішінде, ең көп бас тарту фактілері «Жекпе-жек» кәсіпқой спорт клубында орын алды. Сондай-ақ, кері қайтарылған құжаттар саны көп мекемелер қатарында №1, 4, 6, 7 ОМБЖСМ, Сарысу ауданындағы № 26, Шу ауданындығ 36 БЖСМ және Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы да бар.








