Қабылданған кадрлық шешімдерге сәйкес, бұған дейін Т.Рысқұлов ауданының прокуроры қызметін атқарған Болатхан Тоғанбайұлы Қалыбаев Байзақ ауданының прокуроры болып бекітілді.
Ал Байзақ ауданының прокуроры болған Ақберген Жанысбекұлы Мүлкеманов енді Талас ауданының прокуратурасына жетекшілік етеді.
Талас ауданының прокуроры Жомарт Кенжекұлұлы Науатов Жуалы ауданының прокуроры қызметіне ауыстырылды.
Өз кезегінде Жуалы ауданының бұрынғы прокуроры Ілияс Пірмаханұлы Тойшыбеков Т.Рысқұлов ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Осылайша, төрт ауданның прокуратура органдарында кадрлық ротация жүргізіліп, басшылық құрам жаңартылды.







