• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 03:45
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысының Полиция департаментінде көктем мен жаңару мерекесі атап өтілді

turan_admin turan_admin
25.03.2019, 17:29
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысының Полиция департаментінде көктем мен жаңару мерекесі атап өтілді
312
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өз бойына адамгершілік, достық пен төзімділік сынды құндылықтарды сіңірген Наурыз мейрамын жамбылдық полицейлер ерекше ықыласпен атап өтті, бұл күндері жоғары маңыз берілген осы мейрамды мерекелеу бағдарламасы әр жыл сайын тың идеялармен байытылып отыруда. Мұнда мәдени және қоғамдық, спорттық және қайырымдылық іс-шараларға да ерекше назар аударылуда.
Полиция департаментінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің қызметкерлері мерекелік іс-шараларға бір апта қалғанда бұл айшықты мерекені атап өтуді бастаған болатын. Бөлім мамандары түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен театрландырылған көрініс дайындады. Көрермендер қазақ, орыс, әзірбайжан, украин, өзбек, кәріс секілді көп жылдық достық байланыстыратын бір ауыл тұрғындарын көрнекі түрде көрсете білген әріптестеріне дуылдата қол соқты… Достықтан басқа оларды тағы бір тамаша себеп біріктіреді — олардың барлығы қазақ тілін жақсы біледі, Абай, Сәкен, Мұхтар шығармаларын жатқа оқиды… Дегенмен, қойылым ғана емес, бұл думанды шарада көктем, жақсылық және әлем туралы әдемі әндер шырқалды, ал зал орындалған танымал болған туындыларға, қол соғып, бірге шырқады.
Мерекелік іс-шаралар спорттық жарыстармен жалғасты: ағымдағы жылдың 20 наурызында «Динамо» спорт кешенінде қазақ күресінен «Полиция Барысы-2019» облыстық турнирінің ашылуы өтті. Бес салмақ дәрежесі бойынша 60-тан астам қатысушы сынға түсті Ал абсолюттік санаттағы жеңімпаз дәстүр бойынша «Түйе палуан» атағын және Жамбыл облысының «Полиция Барысы» құрмет белдігіне ие болды.
Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев барлық қатысушыларды Наурыз мейрамымен құттықтап, қатысушыларға адал және ымырасыз күресте табыс тіледі. Шақырылғандар арасында КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР қазақ күресінен бұрынғы мемлекеттік бас жаттықтырушы Марат Жахит болды. Ардагердің ұлттық спорт түрін дамытуға сіңірген еңбегін ескере отырып, ПД бастығы Марат Нұрмағанбетұлы иығына ұлттық нақыштағы шапан жапты.
Содан кейін күннің басты оқиғаларының бірі – Полиция департаменті ғимаратының жанындағы саябақта жас қызметкерлер аллеясын салу болды. Бұл акция Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау бастамасына байланысты. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасының артуы» атты Жолдауында атты Жолдауында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығы болуы тиіс. Жастардың барлық санаттарын қолдау шараларының толық кешенін қамтитын әлеуметтік лифтілердің кең платформасын құру қажет…»,-деген болатын.
Қазіргі уақытта Полиция департаментінде 205 жас қызметкер қызмет атқаруда, олардың маман болып қалыптасуына ведомство басшылығы тарапынан ерекше көңіл бөлінуде. Бұл ретте әңгіме тек кәсіби өсу туралы ғана емес, сонымен қатар жоғары моральдық-адамгершілік қағидаларды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті нығайту маңызды болып отыр.
Орталықта бір жылға дейін жұмыс істеген жас қызметкерлер, ҚР ІІМ ведомстволық оқу орындарының түлектері әр түрлі іс — шаралар жиі өткізуге белсене қатысады. Оған қоса, жаңа аллея салуға Тараз қаласы орта мектептерінің кадет сыныптарының оқушылары қатысты.
— Биылғы жылы біздің Департамент республикада бірінші болып ішкі істер органдарының жас қызметкерлері аллеясын салды. Осы ағаштармен бірге сіздер де өсіп, бой түзейсіздер, — деп атап өтті Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев. — Ең бастысы — қызметті лайықты және адал атқару, біз бүкіл қоғам мүддесіне жұмыс істейтінімізді естен шығармауымыз керек, — деп түйіндеді сөзін Арман Молдиярұлы.
Жас қызметкерлердің атынан Тараз қаласы Полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Арайлым Нұржауова сөз сөйлеп, аға ұрпаққа, атап айтқанда, тәлімгерлерге, қызметтің бастапқы кезеңдерінде қамқорлық пен көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, ол қазақстандық полиция атағына ие болу үшін жоғары деңгейде өзінің кәсіби міндетін атқаратынына уәде берді.
Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін Департамент бастығы Арман Оразалиев жас мамандар және Полиция академиясының оқушыларымен бірге алғашқы ағаштарды отырғызды. Басқалар да осы үрдісті жалғастырды. Осылайша, біздің көз алдымызда болашақта өз жалғасын табатын жаңа дәстүр пайда болды.
Әрине, осы мереке күні полиция қызметкерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлері өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды қолдау орталығының қамқорлығындағы кішкентай сәбилерді назардан тыс қалдыра алмады (К.Сарымолдаев атындағы балалар үйі). 12 жасар Руслана Яровая Арман Оразалиевті орталық аумағындағы ең қызықты жағдайлармен таныстырып, жол көрсетуші қызметін атқаруға тырысты. Балалар таза ауада түрлі спорттық ойындар ұйымдастырды: күресіп, жүгірді, асық ойнады, ал арқан тартылғанға дейін жеткенде, тіпті погон таққан ағалар да шыдамады. Көңілді, шулы және қызықты сәттер көп болды. Бұдан кейін қонақтар балалармен бірге мамыргүлдің өскіндерін отырғызып, орталықтың тәрбиеленушілері дайындаған концертті тамашалады.
Өз кезегінде Полиция департаментінің қызметкерлері әртүрлі жемістер, сусындар мен тәттілер, дәмді тағамдар қойылған мерекелік дастархан ұйымдастырды. Әрине, бұл Наурыз мейрамы балалардың есінде ұзақ сақталып, болашақта олардың кейбіреуі өз тағдырын ішкі істер органдарындағы қызметпен міндетті түрде байланыстыратын болады. Ал полиция қызметкерлері оларға міндетті түрде көмек көрсетеді, өйткені лайықты буынды тәрбиелеу- құқық қорғау органдары мен ардагерлер қозғалысының басты міндеттерінің бірі.
Полиция департаменті басқармаларының басшылары да өз тарапынан игілікті шарадан шет қалмады, көмекке мұқтаж, аз қамтылған бұрынғы және қызмет атқарып жүрген әріптестерінің отбасыларына ақшалай қаражат, азық-түлік және дәрі-дәрмекпен көмектесті.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қорғаныс министрінің орынбасары оңтүстіктегі әскери нысандарды тексерді

17.08.2026, 14:54

Сөз бостандығы мен жауапкершілік қатар жүруге тиіс

17.08.2026, 11:40

Ferrari-дің алғашқы электромобилі 40 миллион долларға сатылды

17.08.2026, 09:59

Мультимиллионер қазақтың журналист қызымен отбасы құрды

16.08.2026, 18:54

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.