2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында дзюдодан Жамбыл облысының чемпионаты өтті. Аталған додада мектебіміздің спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
Нұржанұлы Нүрдәулет – 38 кг салмақ дәрежесінде I орын
Амангелді Аялы – +63 кг салмақ дәрежесінде I орын
Мұсаева Алина – 40 кг салмақ дәрежесінде II орын
Бұл жеңістерге жетуде үлкен үлес қосқан жаттықтырушылар Бектаев Жарқынбек пен Телебаев Ансарды құттықтаймыз!
Жас спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!







