• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында жиын-терім науқаны ойдағыдай өтуде

turan_admin turan_admin
29.09.2021, 11:54
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында  жиын-терім науқаны ойдағыдай өтуде
213
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте егін жинау жұмыстарының барысы, өңірдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды.

Жамбыл облысында жиын-терім науқаны ойдағыдай өтуде. Жаздың жауын-шашынсыз болғанына қарамастан, өнімді сапалы және уақтылы жинап алу үшін барлық шаралар қабылданды.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов бүгінгі таңда 1,566 миллион тонна көкөніс жиналып, әр гектардың орташа түсімі 414,1 центнерді құрағанын жеткізді. Облыс бойынша 37, 9 мың гектар алқаптан көкөніс жиналса, бұл белгіленген жоспардың 87,5 пайызын құрайды. 233 мың тонна картоп, 48,3 мың тонна сәбіз, 42335 тонна қырыққабат алынған. Барлық аудандарда қияр, қызанақ, сарымсақ жинау жұмыстары аяқталған.

Барлығы 89,1 мың тонна тонна қияр (гектарынан 273,4 центнерден), 160 мың тонна қызанақ (285,4), 22396 тонна сарымсақ (234,7)  жиналған.       Облыс бойынша бүгінгі таңда 25,9 мың тонна майлы дақыл жиналса, бұл жалпы жоспардың 69,2 пайызын құрайды, орташа өнімділік әр гектардан 6,3 центнерге айналған.

Қайрат Амановтың айтуынша өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған 236 қойма бар. Облыс әкімі ол қоймалардың бос тұрмау керектігін атап өтті.

— Аудандардың облыс орталығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін тұрақты түрде өткізіп тұру қажет.  Жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалануға тиіспіз, — деп тапсырды аймақ басшысы.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының болжамы бойынша, қыстатуға 992 мың шартты мал басы түседі деп жоспарлануда.  Мал қыстатуды қалыпты өткізу үшін 1 млн. 730 мың тонна шөп (қажеттінің 106 пайызы), 58 мың тонна пішендеме (100 пайыз) дайындалған.

— Мал азығын дайындау жұмыстары жоспарлы қорды құрумен шектелмеуі тиіс. Шаруашылықтар қыста жем-шөптің жетіспеушілігіне қатысты мәселелерге тап болмауы үшін қазір көбірек жинап алу керек, — деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев биылғы жаздың құрғақ болуына байланысты туындаған мәселелерді ескеріп, қателіктермен жұмыс істеу керектігін атап өтті.

— Облыстың әлеуеті жоғары және ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге барлық мүмкіндіктер жеткілікті, — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін дизель отынымен, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мәселелерін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Басқосудағы келесі мәселе бойынша, төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ермек Момбаев баяндама жасады. 2021 жылдың 9 айында Жамбыл облысында 467 өрт тіркелсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға аз. Өрт жағдайларының ең көп саны тұрғын үй секторында (62 пайыз) және көліктерде (21 пайыз) орын алған.

— Байзақ ауданындағы қайғылы оқиға біз үшін үлкен сабақ болуы тиіс. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету төтенше жағдайлар департаментіне ғана емес, жергілікті атқарушы органдарға да жүктеледі. Бұл мәселеге жеңіл қарауға болмайды. Жауапкершілікті бір-бірлеріңізге ысырмаңыздар. Әкімдіктер төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе жұмыс істеуі керек, — деді аймақ басшысы.

Бердібек Сапарбаев өрт сөндіру гидранттарын орнату, құтқарушыларға көмектесетін еріктілер жасақтарын құру, адамдар көп жиналатын қолданыстағы нысандарға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын күшейту, газ жабдықтары мен тұрмыстық баллондарды пайдалану қауіпсіздігіне жүйелі бақылауды қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.