• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен суицидтің алдын алу мәселесі талқыланды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен суицидтің алдын алу бағытындағы тапсырмалардың орындалуын талқылау мақсатында кеңес өткізді.

29.10.2025
0
Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен суицидтің алдын алу мәселесі талқыланды
17
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Жанаевтың мәліметінше, 2025 жылдың 9 айында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3 пайызға азайған.

Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында өңірде 2 246 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 8 414 жасөспірім түрлі құқықбұзушылық үшін полиция бөлімдеріне жеткізілген. Бала тәрбиесіне салғырт қараған 175 қолайсыз отбасы және құқық бұзған 472 жасөспірім полицияның есебіне алынған.

– Есепте тұрған балалар және олардың ата-аналарымен тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте жасөспірімдердің мінез-құлқы, бос уақыты, тұрмыстық жағдайы мен оқу үлгеріміне ерекше назар аударылады. Соған қарамастан, девиантты мінез-құлық танытқан 19 жасөспірім арнайы режимдегі мектепке жіберілді, тағы 6 іс сотта қаралуда. Сонымен қатар 63 тұлға ата-ана құқығынан айырылып немесе шектелсе, 177 бала бейімдеу орталығына орналастырылды, – деді Б. Жанаев.

Білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбековтің айтуынша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Тараз қаласы мен аудандарда 48 жұмыс тобы құрылып, 445 білім беру ұйымында түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 60 896 оқушы мен 6 969 студент сауалнамаға қатысқан.

– Соңғы уақытта балалар мен жасөспірімдерге қатысты қайғылы жағдайлар қоғамда алаңдаушылық тудырып отыр. Әр баланың тағдыры – біздің ортақ жауапкершілігіміз. Сауалнама қорытындысы балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жүйелілік пен тиімділіктің жеткіліксіз екенін көрсетті. Әсіресе әлімжеттік, қорқыту, ақша бопсалау секілді келеңсіз жайттар әлі де кездеседі. Жоғарыдағы өзекті жайттарды ескере отырып, өңірде балалардың құқықтарын қорғау жүйесін күшейту мақсатында Бала құқықтарын қорғау басқармасын құру жұмыстары жүзеге асуда. Бұл құрылымның басты міндеті – әр баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарының сақталуын тұрақты бақылауда ұстау болмақ. Жалпы, бұл мәселе тек бір саланың ғана емес, барша қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әрбір ата-ана, мұғалім және уәкілетті орган өкілі жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен амандығы үшін бірігіп жұмыс істеуі тиіс! Қазір – білекпен емес, біліммен бәсекелесетін заман. Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгін саналы ұрпақ тәрбиелей алсақ, ертең өркениет көшінің алдыңғы қатарында боламыз, – деп атап өтті облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев жауапты тұлғаларға анықталған мәселелерді мұқият зерделеп, нақты әрі жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ өңірлік психологиялық қолдау орталығының жұмысын жандандыруды, бейнебақылау жүйелерінің толыққанды және сенім телефонының үздіксіз қызмет көрсетуін қамтамасыз етуді, профилактикалық шараларды күшейтуді міндеттеді.

Сонымен бірге әр білім беру ұйымына кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторды бекітіп, жеке жауапкершіліктерін күшейту, түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмағандар туралы бейнематериалдар дайындап, көрсету, тәртіпке көнбейтін оқушыларға қатысты бірыңғай әрекет ету алгоритмін әзірлеу және оларды тиісті есепке қою, есепте тұрған оқушыларға қатысты нақты шаралар қабылдап, қажет жағдайда арнайы мектептерге орналастыруды қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар жүктеді.

Бұдан бөлек, педагогтер мен психологтар үшін қақтығыстардың алдын алу бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру, ал жоғары сынып оқушылары мен ата-аналарға интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.

Ал оқушылардың құқық бұзушылыққа қатысы бар фактілерін жасыру жағдайларында білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымынан босату тәжірибесі енгізіледі.

Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижелері облыс әкімі жанындағы Жедел штабтың күн тәртібіне тұрақты шығарылып, өңір басшысының жеке бақылауында болмақ.

Жамбыл облысының әкімдігі

Тегтер: Ербол ҚарашөкеевЖамбыл облысысуицид

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты