• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында жақсы жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 95 пайызға жетеді

turan_admin turan_admin
01.10.2021, 11:13
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында жақсы жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 95 пайызға жетеді
233
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ағымдағы жылы өңірдегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автожолдардың үлесін 95 пайыз, елді мекен көшелердің көрсеткішін 79,2 пайызға жеткізіледі. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.

Басқосуда баяндама жасаған жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібековтің айтуынша ағымдағы 479,1 шақырым жолдарды жөндеумен қамту жоспарланған. Олардың  177,9 шақырымы облыстық, 36,3 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар, ал, 264,9 шақырымы елді мекен көшелері.

— Жалпы 191 жоба, нақтырақ айтсақ «Нұрлы жол» бағдарламасымен – 30 жоба, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасымен – 70 жоба және жергілікті бюджеттерден 91 жоба іске асуда. Одан бөлек, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жолдарды күтіп ұстау жұмыстары аясында да бірқатар жұмыстар өндіріс кестесіне сәйкес жүргізілуде,-деді Б. Жәнібеков.

— Ауыр жүк көліктерінің бақылаусыз жүруінен жергілікті маңызы бар автожолдардың бұзылуына жол бермеу мақсатында, Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясымен бірлескен іс-шараларға сәйкес облыс жолдарында кезекшіліктер ұйымдастырылып, тексерулер жалғасуда. Биылғы жылдың 8 айында Инспекциямен бірлескен рейдтерде 4608 автокөлік құралдары тексерілді. Нәтижесінде, 943 әкімшілік хаттамалар толтырылып, 23,2 миллион теңге айыппұл салынып, 19,4 миллион теңгесі өндірілді. Дегенмен, алдағы кеңестерде айтылып жүргендей бұл бағыттағы мәселелер түбегейлі өз шешімін таппай отыр. Олар, жылжымалы бекеттердің жетіспеуі мен олардың көбіне республикалық жолдарда дислокациялануы,- деген басқарма басшысы Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстарының үлгісінде, 2022 жылы тек жергілікті жолдарды бақылау шартымен облыстық бюджеттен 1 дана арнайы жылжымалы көліктік бақылау бекетін сатып алуды ұсынды.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қазан-желтоқсан айларында қысқы күтіп-ұстауға 78,5 млн.теңге қаралып, бұл жұмыстарға 12 мердігерлік ұйымдар тартылған. Әзірге 2200 тонна құм,  250 тонна тұз дайындалды.  Қысқы күтіп ұстау жұмыстарына мердігер ұйымдар тарапынан 118 бірлік жол техникалары жұмылдыру жоспарланып отыр.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ  Жамбыл облысы филиалының  директоры Айжан Туғанова өңірдегі Республикалық маңызы бар автомобиль  жолдарының  қыс  мезгіліне   дайындығы  және жол- пайдалану  техникасының күтіп ұстау туралы баяндады.

— Филиал тарапынан  63 бірлік техниканы  жұмылдыру  жоспарланып  отыр, бүгінде олар    92 пайызға дайын. Республикалық  маңызы  бар  автомобиль  жолдары  өтетін  Жуалы, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай  аудандары және Тараз қаласында 9 жылу  пункті  және 3 өндірістік  базалары  қыс  мезгілінде  қызмет  көрсететін   болады,-деді А. Туғанова. Облыс әкімі жол бойында сервис орталықтарын көптеп салудың маңыздылығына тоқталып, «Мерке-Шу-Бурылбайтал» автожолының бір бағыты бойынша жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау керектігін айтты.

— Басталмаған жобалар бойынша жұмыстарды уақыт созбай қолға алу керек. Жолдардың сапасын тексеру шараларына баса назар аударыңыздар. Жылда қайта-қайта жөндеуге қаржы ысырап болмауы тиіс.  Қыс мезгіліне 100 пайыз дайындықты қамтамасыз етіңіздер. Жыл қорытындысымен тиісті индикаторлар бойынша белгіленген межеге қол жеткізіп, бөлінген қаражаттар тиімді, толығымен игерілуі қажет. Бұл салада мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жұмыстар жүргізуді пысықтаңыздар,- деп Бердібек Сапарбаев бірқатар жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Аймақ басшысы жыл аяғы таяп қалғанын ескеріп, әлі де құрылысы басталмаған, аяқталмаған жолдардың бар екеніне назар аудартты.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.