• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:16
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында жүргізушілерге арналған «Антисон» профилактикалық акциясы өтті

Жол қауіпсіздігін сақтау және көлік жүргізу мәдениетін арттыру мақсатында Жамбыл облысында «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында «Антисон» профилактикалық акциясы ұйымдастырылды.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
29.06.2026, 15:57
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында жүргізушілерге арналған «Антисон» профилактикалық акциясы өтті
52
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Іс-шараны облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесіп өткізді. Акция барысында алыс жолға шығатын жүргізушілерге ұзақ сапар кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, көлік басқару кезінде сергек болу және жол ережелерін қатаң ұстану қажеттігі түсіндірілді.

Жүргізушілерге ұйқышылдықтың алдын алуға арналған арнайы «Антисон» құрылғылары табысталып, салқын ауызсу ұсынылды. Сонымен қатар жолдағы қауіпсіздік ережелері жазылған ақпараттық жадынамалар таратылды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Роллан Қуанышбаевтың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының алдын алуда жүргізушінің физикалық жағдайы маңызды рөл атқарады.

– Жолға шығар алдында жүргізуші ең алдымен жақсылап демалып алуы керек. Шаршау немесе ұйқышылдық сезілсе, көлікті қауіпсіз жерге тоқтатып, міндетті түрде үзіліс жасаған жөн. Себебі жол қозғалысына қатысушы әрбір адам өз қауіпсіздігімен қатар, басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына да жауапты, – деді ол.

Мамандардың айтуынша, көлік басқару кезіндегі шаршау адамның реакция жылдамдығын төмендетіп, жол жағдайын дұрыс бағалау қабілетіне әсер етеді. Сондықтан ұзақ сапарларда уақытылы тынығу – жолдағы қауіптің алдын алудың тиімді жолдарының бірі.

Акцияның басты мақсаты – жүргізушілердің жол мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіздік талаптарын насихаттау және жол-көлік оқиғаларының санын азайту.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға, сапар алдында өз жағдайына жауапкершілікпен қарауға және жол қауіпсіздігін ортақ міндет ретінде қабылдауға шақырды.

 

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: Антисонкөлік басқарупрофилактикалық акция
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.