• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:42
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысындағы «Жаңатас» жел электр стансасы 1,2 млрд. теңгенің өнімін өндірді

turan_admin turan_admin
18.06.2021, 19:22
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысындағы «Жаңатас» жел электр стансасы 1,2 млрд. теңгенің өнімін өндірді
313
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы Сарысу ауданында жүзеге асып жатқан, теңдесіз жобаның бірі – жел электр стансасы. Стансаның қуаттылығы 100 мегаватт. Мұнда жоспар бойынша жыл сайын 340 миллион киловатт электр энергиясы өндіріледі деп күтілуде.

Жалпы алдын ала болжам бойынша «Жаңатас» жел электр стансасы Сарысу ауданын ғана емес, бірнеше елді мекенді жарықпен қамти алады. Айта кетейік бұл Орта Азиядағы ең алып жоба. Құрылғылар толықтай Қытай Халық Республикасынан әкелінуде.

Жобаның жалпы құны 130 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоба аясында қуаты 2,5 мегаватт болатын 40 жел энергетикалық блок пен электр жабдықтарын, сондай-ақ бір станса торабы мен көпфункционалды орталық салу жоспарланған.

Жалпы жоба бойынша орнатылатын 40 жел турбинасының бүгінгі күнге 37-сі орнатылған. Оның ішінде 25 жел турбинасы сынақ режимінде іске қосылған. Бүгінгі таңда орта есеппен 15 млн. кВт/сағ. электр энергиясын өндіруде. «Жаңатас» жел электр стансасы ЖШС өнеркәсіп саласына өз үлесін қосуды бастады. 1-ші тоқсан қорытындысымен 1,2 млрд.теңгенің өнімі өндірілді, – дейді «Жаңатас» жел электр стансасы ЖШС менеджері Наурызбек Жұмағазин.

«Жасыл» энергетиканы қарқынды дамытуға бет бұрған елімізде баламалы қуат көздерінен энергия жинау жолға қойылып келеді. Бұл ретте, болашақтың технологиясын өз игілігіне жаратуда облысымыздың республика көлемінде көш бастап келе жатқаны қуантады.

Ендігі кезекте, қалған турбиналарды орнату бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құрылысы 2021 жылдың маусым айында толықтай аяқталады деп күтілуде.

Жалпы жоба оңтүстік Қазақстандағы электр энергиясы тапшылығын жойып қана қоймай, тау-кен өндіруші кәсіпорындардың да жұмысының тиімділігін арттырмақ.

Жоба тарапынан көрсетілген әлеуметтік көмектер: 2019 жылы орталық ауруханаға жедел-жәрдем автокөлігін сыйлаған; Промзона 2 адресіндегі тұрғын үйдің шатыры және 5 пәтерге жалпы құны 10,0 млн.теңгені құрайтын жөңдеу жұмыстары жүргізілді;

Жаңатас қаласындағы «Ынтымақ» аллеясында жалпы құны 19,0 млн.теңгені құрайтын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аз қамтылған отбасылар мен мүгедектерге 10 азық-түлік қорабы түріндегі гуманитарлық көмек көрсетілген.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.