• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 05:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған іс-шаралар өтті

Жамбыл облысының ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі облыстың бірнеше елді мекендерінде құқықтық мәдениетті нығайтуға арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.

turan_admin turan_admin
19.08.2025, 19:06
Азаматтық қоғам институттары
Жамбыл облысында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған іс-шаралар өтті
75
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Алдымен Талас ауданына қарасты “Ойтал” ауылдық мәдениет үйінде “Менің құқықтарым – менің міндетім” тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Шараның мақсаты – азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінігін кеңейту, заңға құрметпен қарау дағдыларын қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру. Кездесуде модератор, “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” ЗТБ президенті Еркін Әбдиев қатысушыларға сәлем жолдап, жиынның мазмұнымен таныстырды. Ал Жамбыл облысы заңгерлер палатасының мүшесі Раушан Ескермесова Конституцияда бекітілген негізгі құқықтар мен бостандықтар туралы баяндап, әрбір азаматтың қоғам алдындағы міндеттері – заңды сақтау, өзгелердің құқықтарын құрметтеу, табиғатты қорғау және Отанды сүю екендігін атап өтті. Ол қатысушыларды белсенді пікір алмасуға шақырып, құқықтық мәдениетті бірлесіп көтеру қажеттігін жеткізді.

Осы күні “Әлжан ана” ауылында “Құқықтық сауаттылық – әділ қоғам негізі” тақырыбында тағы бір кең көлемді іс-шара өтті. Мұнда құқықтық білім беру, заң бұзушылықтың алдын алу және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды. Еркін Әбдиев сөзінде әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығы қоғамның тұрақтылығы мен әділетті дамуының кепілі екенін атап өтті. Шара барысында заңгер Раушан Ескермесова Конституцияда бекітілген негізгі құқықтар мен міндеттерге тоқталып, әсіресе жастардың білім алу, еңбек ету, жеке басының қауіпсіздігі және сөз бостандығы құқықтары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, заңға бағыну, салық төлеу, басқа азаматтардың құқықтарын құрметтеу және Отанды қорғау секілді міндеттердің маңыздылығы да жан-жақты ашып көрсетілді. Жиынға қатысқан жастар өз сауалдарын қойып, еңбек құқықтары мен тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбында мазмұнды пікір алмасты.

Сол күні Қордай ауданында “Пробация есебіндегі азаматтармен кездесу” өтті. Іс-шара пробация қызметіндегі азаматтарға құқықтары мен міндеттері жөнінде толық ақпарат беру, мемлекеттік қолдау шараларын таныстыру және әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктерін түсіндіруге арналды. Еркін Әбдиев ауыл тұрғындары мен пробация есебінде тұрған азаматтарға пробацияның мәні мен тәртібін түсіндіріп, мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау құралдары туралы айтты. Ал заңгер Раушан Ескермесова пробацияның сот үкімі негізінде азаматқа бас бостандығынан айырмай, бақылау шараларын қолдану екенін түсіндіріп, еңбекке орналасу мен кәсіптік дағдыларды дамыту жолдары жайлы мәлімет берді. Кездесуде мамандар құқықтық кеңестер ұсынып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жалпы алғанда, аталған іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға деген құрметті қалыптастыруға және қоғамда құқықтық мәдениетті нығайтуға ықпал етті. Қатысушылардың пікірінше, мұндай кездесулер қоғамдағы әділеттілікті нығайтып қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға және заң бұзушылықтардың алдын алуға зор үлес қосады.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды

Тегтер: Жамбыл облысы Азаматтық АльянсызаңҚұқықтық мәдениетпробация
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ауыл» партиясына жаңа төраға сайланды

«Ауыл» партиясына жаңа төраға сайланды

11.10.2026, 12:55

«Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

28.09.2026, 21:18
Мәдениет және ақпарат саласындағы Қоғамдық кеңес үш жылдық жұмысын қорытындылады

Мәдениет және ақпарат саласындағы Қоғамдық кеңес үш жылдық жұмысын қорытындылады

23.09.2026, 11:35
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.