• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:46
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында суармалы жерлердің аумағы ұлғаюда

turan_admin turan_admin
12.05.2021, 17:27
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында суармалы жерлердің аумағы ұлғаюда
237
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жуалы, Байзақ, Жамбыл және Меркі аудандарындағы су шаруашылығы нысандарының жай-күйімен танысты. Аймақ басшысының аталған аудандардағы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімдігінде арнайы кеңес өтті. Оған ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров, «Қазсушар» РМК бас директоры Алтай Елжасов және облыстағы тиісті мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

«Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының директоры Қазбек Бедебаев облыста агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай және Меркі аудандарының аумағында орналасқан су шаруашылығы нысандарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Еуропалық қайта құру және даму банкі есебінен 21,5 млрд.теңгеге 31 жоба жүзеге асуда. Бүгінге дейін оның 5,27 миллиард теңгесі немесе 23 пайызы ғана игерілген. 2018 жылдан бері 310 гидротехникалық құрылыс күрделі жөндеуден өтуде. Атап айтсақ, Жамбыл ауданында жеті жоба, Байзақ ауданында – сегіз, Жуалы ауданында – екі, Қордай ауданында – бір, Меркі ауданында – екі жоба іске асырылуда. Әзірге механикалық тазалаумен 189 шақырым канал қамтылып, оның 87 шақырымы бетондалған. Бұл нысандар пайдалануға берілгеннен кейін 51 271 гектар суармалы жер айналымға енбек.

Аймақ басшысы құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапалы орындалуы үшін жобаларды реттеуді, жер арналарды бетондау үшін сметалық құжаттаманы уақыт созбай әзірлеу керектігін баса айтты.

Басқосу барысында мердігерлер мен жобалау ұйымдары басшыларының есептері де тыңдалды.

— Вегетациялық кезең таяп қалғанымен, әлі ешқандай нысан аяқталған жоқ. Бұл олардың жағдайы тиісінше бақыланбай отырғандығын көрсетеді. Бізге, ең алдымен, есеп дұрыс жүргізу керек. Суару стратегиясын құру, аудан әкімдіктерімен бірлесіп жоспар жасау қажет. Барлық суару жүйелеріндегі шығындарды азайту және суды үнемдейтін технологияларды енгізу аса маңызды. Каналдардың басым бөлігі бетондалмаған, бұл судың ауқымды мөлшерінің бос шығынына әкеп соқтырады. Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру бойынша жүзеге асып жатқан жобалар аясында жағдай жақсаруы тиіс, — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі жобалық-сметалық құжаттаманың барлық пакеттері бойынша өзгерістер енгізіліп жатқанын сынға алды. Соның салдарынан нысандарлы пайдалануға беру мерзімі созылуда.

ҚР Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаровтың айтуынша, каналдарды жөндеу бойынша қалыптасып отырған жағдайға байланысты «Қазсушар» РМК бас директоры Жамбыл облысына арнайы келмек. Жұмыс сапары барысында қырғыз тарапымен су беру жөніндегі уағдаластықтарды сақтау туралы келіссөздер жүргізілетін болады.

Қорытындылай келе, аймақ басшысы тиісті тұлғаларға вегетациялық кезең, яғни 20 мамырға дейін егістік алқаптарды жаңа технологияларды және қосымша су көздерін пайдалана отырып сумен қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.