Жамбыл облысында 13 адамнан құралған альпенистік топ Қырғыз Алатауының батысында орналасқан биіктігі 3700 мертді құрайтын «Шал тауы» маңындағы шыңды бағындырып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік шыңы» деген атау берді.
Айта кетейік тамыз айының 28 мен 1 қыркүйегі аралығында Жамбыл ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен Жамбыл облысы альпенизим федерациясының, «Геккон» спорттық-туристік клубының қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Тәуелсіздік шыңы» атты спорттық-туристік альпиниядасы өтті.
29-30 тамыз күндері аралығында шыңға шығуға бекінген 5 ерікті азаматқа қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, таңғы сағат 7:30-да «Шал» шыңын бағындыруға жолға шықты. Сол күннің сағат 14.30-дар шамасында альпенистік топ толығымен «Шал тауының» шыңын бағындырып, белгіленген межеге жетті.
Альпинияда мақсаты — елімізде туризімдік саланы дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, отансүйгіштіке және достық қарым-қатынасты нығайту болды.
Альпинияда соңында шыңды бағындыруға қатысқан 5 жасқа «Қазақстан Республикасының альпенисті» төсбелгісі табысталды.
Өңірлік коммуникациялар қызметі






