• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

Жамбыл облысында Соңғы қоңырау мерекесінен кейін 70-тен астам жасөспірім полицияға жеткізілді

27.05.2021
0
Жамбыл облысында Соңғы қоңырау мерекесінен кейін 70-тен  астам жасөспірім полицияға жеткізілді
168
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Естеріңізге сала кетсек, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қылмыстық ортаға тартуды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 25 мамырында Жамбыл облысының барлық мектептерінде «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған іс-шаралар кезінде полиция қызметкерлері жастар көп жиналатын орындарда патрульдік қызмет жасақтарының тығыздығын күшейтті, сондай-ақ шомылу орындары бақылауға алынды.

Қоғамдық тәртіпті бұзуды, оның ішінде мектеп оқушыларының қатысуымен орын алуы мүмкін жол-көлік оқиғаларының алдын алуға қатысты жағдайды бақылау мақсатында Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы , қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары қатарынан жедел штабтар құрылды. Соңғы қоңырауға арналған іс-шаралар барлық санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ашық ауада ұйымдастырылды. Оған әр түлектің бір ата-анасы қатысып, шақырылғандардың барлығы әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін сақтап, антисептиктерді қолданды.

Кафе мен мейрамханаларда мектеп бітіру кешін тойлауға немесе шақырылғандар көп жиналатын осындай іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Тараз қаласының қызыл аймақта екендігін ұмытпауымыз керек, осыған байланысты барлық ойын — сауық орындары құқық қорғау органдарының жіті назарында болады — деп атап көрсетті облыстық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция полковнигі Қуанышбек Қалжанов.

Аталған мереке қарсаңында облыстың барлық мектептерінде ата- аналар мен заңды өкілдер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмауға және жасөспірімдердің бос уақытына назар аударуды күшейтуге бағытталған ата-аналар жиналысына қатысты.

Мобильді топтардың рейдтері барысында ішкі істер органдарына 72 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, 76 ата-ана мен өзге де заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін кафе-бардың 2 иесі жауапкершілікке тартылды. Дүкеннің екі иесі- алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін, 71 ата-ана кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамаудың 1 дерегі анықталды. Тұтастай алғанда, облыс бойынша іс-
шаралар өткізу барысында төтенше жағдайлар орын алған жоқ. Кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тарту деректері анықталмады — деп сөзін түйіндеді Қуанышбек Қалжанов.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты