• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 10:00
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық музей-үйі ашылды

turan_admin turan_admin
21.10.2022, 09:16
Қазақстан жаңалықтары
Жамбыл облысында Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық музей-үйі ашылды
93
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы Жуалы ауданында Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның  90 жылдығына орай тұлғаның әдеби-мемориалдық музей-үйінің салтанатты ашылуы өтті.

Шерхан Мұртаза Жуалы ауданы Талапты ауылында дүниеге келген. Туған ауылымен байланысын ешқашан үзбеген. Жазушы өзінің алғашқы шығармаларын, оның ішінде әйгілі «Ай мен Айша» өмірбаяндық романын туған жері Жуалы ауданы мен оның ерекше табиғатына арнаған.

Музейге жазушыға тиесілі тұрмыстық заттар, оның құжаттары, дипломдары, марапаттары, медальдары, отбасымен және достарымен бірге түскен фотосуреттері қойылған. Халық жазушысының ауылдастары, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері Шерхан Мұртазаның кабинетін, кітапханасын дәл сол қалпында көріп, тамашалады. Ғимараттың үшінші қабатында бильярд залы бар. Шерхан Мұртаза бір кездері тек қарымды қаламгер ғана емес, бильярд ойының шебері ретінде де өзін көрсете білген.

Дәл осы күні Талапты ауылында халық жазушысының 90 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

– Шерхан Мұртаза шындықтың шырақшысы бола білген алып тұлға. Қызметін баспа редакторлығынан бастап, ұзақ жылдар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшысы, Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде қаламгерлік пен қайраткерлікті қатар алып жүрді. 

Оның елге бергені, айтқаны, көрсеткен үлгісі, сілтеген жолы ұшан-теңіз. Көзі тірісінде баспасөздің баһадүрі, қара сөздің зергері, шындықтың шырақшысы атанды.

Бүгінде қолына қалам ұстап жүрген қарымды журналистердің көбі «Шерхан ағамыздың шекпенінен шыққан шәкіртпіз» деп мақтанатыны ақиқат. Мұның айғағы – жақсылар мен жайсаңдардың басын қосқан алып тұлғаның бүгінгі мерейтойы.

 «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған», — деп хакім Абай айтқандай, соңына өлмейтін сөз, ұмытылмас із қалдырған Шерағаның қаламгерлік, қайраткерлік тұлғасы ел жүрегінде мәңгі сақталып, туындылары мәңгілік рухани азық болары сөзсіз, – деді Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Қазақстанның Ері Мұхтар Шаханов, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев, академик, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбден Оразалы, «Қазақстан дәуірі» газетінің бас редакторы Сәуле Мешітбайқызы да ойларын ортаға салып, жазушының тұлғалық болмысы туралы әңгімеледі.

Шара барысында жазушылар арасындағы «Ақиқаттың ақ туы» байқауы мен «Шынның жүзі – Шераға» республикалық ақындар  мүшайрасының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері «Шер-хан» драма-элегиясынан үзінді ұсынды.

Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.