• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:37
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында сейсмоқауіпті деп танылған 140 нысан қайта нақтылануда

turan_admin turan_admin
10.07.2019, 11:23
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында сейсмоқауіпті деп танылған 140 нысан қайта нақтылануда
283
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының м.а. Досанов Дәулет Іңкәрбекұлының қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті. Жиын барысында басқарманың 1 жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы айтылып, тілшілердің сұрақтарына жауап берілді.

Спикердің мәлімдеуінше, облыста барлығы 377 елді мекен бар (оның ішінде 4 қала). Оның ішінде, тұрғындарының саны 5 мыңнан асатын елді мекендер облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды қоса есептегенде 32.  Бүгінгі күнге 362 елді мекен бас жоспармен және оңайландырылған нұсқасымен қамтылған. Есеп беріліп отырған кезеңде, яғни 2016-2019 жылдары 35 елді мекеннің бас жоспары мен оңайландырылған нұсқасы бекітілді. Халық саны 50-ге жуық, бас жоспардың оңайландырылған нұсқасы әзірленбеген 15 елді мекен бар. Аудан аумағында  халқының саны 50-ден төмен Мойынқұм ауданы (Кіші қамқалы, Арал, Байтал, ГРЭ-21), Т.Рысқұлов  (Разьезд-98), Сарысу(Талас, Жарқұдық) және  Шу (Ақтасты),  елді мекендерді оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.

«Жамбыл облысының сейсмотұрақтылығы 7 балды құрайды. Облыс бойынша сейсмоқауіптілігі жоғары аймақтар Тараз,Жаңатас, Қаратау, Шу қалалары және Т. Рсықұлов, Жуалы, Байзақ, Қордай, Жамбыл, Меркі, Талас, Шу аудандарын қамтиды. Осыған байланысты,  «Сейсмология институты» ЖШС сметалық есебі бойынша Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларының егжей-тегжейлі сейсмикалық аудандастыру және сейсмикалық шағынаудандастыру карталарын әзірлеуге қажетті қаражат 1,4 млрд. теңгені құрайды. Әлеуметтік, тұрғын үй және коммерциялық бағыттағы сейсмикалық тексеруді қажет ететін нысандарды анықтау мақсатында 2018 жылдың 12 қазанында жұмыс тобы құрамы бекітілді, паспорттауға жататын обьектілердің тізімі қалыптастырылып, обьектілерді сырттай (визуалды) қарап, техникалық жағдайын, сейсмикалық төзімділігін зерделеу нәтижесінде 140 нысан анықталды. Қазіргі уақытта, сейсмоқауіпті деп танылған 140 нысан қайта нақтылануда»- , деп хабарлады басқарма басшысы м.а..

 

Өңірде 35 құрылыс нысанында қызыл сызық нормалары бұзылған

 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімдігінің Cәулет және қала құрылысы басқарма басшысының м.а. Досанов Дәулет Іңкәрбекұлы хабарлады.

Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдерінің бүгінгі күнге берген мәліметіне сәйкес, облыс аумағында қызыл сызық нормаларын бұзып жүргізілген құрылыс нысандарының саны – 35.

Бүгінгі күнге 8 нысан меншік иелерінің өз еркімен бұзылған (Тараз қаласы-3 нысан, Т.Рыскулов- 3 нысан және Қордай ауданы-2 нысан); 20 нысанға қатысты тиісті шаралар қолдану үшін материалдар сотқа жолданған (Тараз-19 нысан, Рысқұлов-1нысан,); 1 нысанға қатысты облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет бақылау басқармасы тарапынан айыппұл салынған (Меркі аауданы); 2 нысан бойынша пайдалануға қабылдау акті мен мүлікті жария ету комиссиясының хаттамасы тіркелген (Қордай ауданы);  1 нысан бойынша иесі  қайтыс болуына байланысты шара қолдану мүмкін болмай тұр (Тараз қаласы). Қалған Жамбыл ауданы бойынша 2 нысанға,  Қордай ауданы бойынша 1 нысанға қатысты шаралар қабылдамаған және 2018 жылдан бері талап арызы сот органның қарауында (Тараз қаласында 17 нысан, Т. Рысқұлов ауданы 1 нысан).

 

51 нысанның құжаттары рәсімделмеген

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімдігінің Cәулет және қала құрылысы басқарма басшысының м.а. Досанов Дәулет Іңкәрбекұлы хабарлады.

Облыс бойынша автомобиль жолдары, көшелердің бойында орналасқан контейнерлерлік сауда орындарына, олардың рұқсат құжаттарына, санитарлық-техникалық талаптарға, құрылыс нормаларына сәйкестігіне жұмысшы топ құрамымен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде облыс бойынша 109 құрылыс нысандары мен сауда дүңгіршектері анықталды.

Анықталған  нысандардың 58-ның құжаттары рәсімделген, ал 51 нысанның құжаттары аудан әкімдіктері тарапынан берілген мәліметке сәйкес, құжаттары рәсімделмегені туралы ақпарат берілді. Бүгінгі күнге Байзақ ауданы бойынша 1 контейнер алынды, Жамбыл ауданы бойынша, 2 нысанға облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тарапынан 777 700 теңге айыппұл салынды және 1 нысан өз еркімен бұзылды, Қордай ауданы бойынша, 1 нысан өз еркімен бұзылды, Т. Рысқұлов ауданы бойынша 2 контейнер алынды, қалған 44 құрылыс нысандары және сауда дүңгіршектеріне аудан әкімдіктері тарапынан шара қолдануда. 

 

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.