• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:04
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында өрт саны 33 пайызға төмендеді

Жамбыл облысында өрт қауіпті кезеңнің басынан бері өрттің алдын алу бағытында атқарылған кешенді жұмыстар өз нәтижесін беруде.

Turan Redaktor Turan Redaktor
21.07.2026, 11:46
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында өрт саны 33 пайызға төмендеді
23
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысында өрт қауіпті кезеңнің басынан бері өрттің алдын алу бағытында атқарылған кешенді жұмыстар өз нәтижесін беруде. Жыл басынан бері өңірде жалпы 310 өрт тіркеліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың саны 33 пайызға азайды. Материалдық шығын көлемі де төмендеп, 40 миллион теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36 пайызға аз.

Өкінішке қарай, өрт салдарынан 4 адам қаза болып, 2 адам түрлі деңгейдегі жарақат алды. Осыған байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейтілуде.

Биыл облыс аумағында 15 орман өрті мен 1 дала өрті тіркелді. Бұл көрсеткіштер де өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Атап айтқанда, орман өрттері 51 пайызға, ал дала өрттері 5 есеге азайды.

Жамбыл облысының мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 4 миллион 416 мың гектарды құрайды. Оның 2 миллион 296 мың гектары орман алқаптарымен көмкерілген. Бұл – облыс аумағының шамамен 31 пайызы. Мемлекеттік орман қорын қорғау, күзету және қалпына келтіру жұмыстарын облыс әкімдігіне қарасты 15 орман шаруашылығы мекемесі мен «Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі жүзеге асырады.

Өрт қауіпті маусымға дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Облыс көлемінде орман қорын және оған іргелес аумақтарды қорғауға бағытталған бірлескен профилактикалық іс-шаралар жоспары бекітіліп, аудан әкімдіктері мен жауапты мекемелер қажетті дайындық жұмыстарын ұйымдастырды. Сонымен қатар облыс әкімдігінің қаулысымен өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары қабылданды.

Сәуір айында облыстың барлық аудандарында орман шаруашылығы мекемелері, Төтенше жағдайлар департаменті және ерікті өрт сөндіру құрамдарының қатысуымен оқу-жаттығулар өткізілді. Ал мамыр айының соңында Қазақстан мен Қырғыз Республикасының шекаралас аумақтарында трансшекаралық оқу-жаттығу ұйымдастырылып, табиғи өрттердің таралуына қарсы бірлескен іс-қимыл пысықталды.

Өрттің алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да тұрақты жүргізілуде. Жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарында 42 мақала жарияланып, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары жазылған 1416 жадынама таратылды.

Өңірде 82 адамнан құралған 16 мобильді топ жұмыс істеп, өрт қауіпті кезең басталғалы бері 346 рейдтік іс-шара өткізді. Рейд қорытындысында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 305 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 2 миллион 365 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жауапты қызметтер тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе орман мен дала алқаптарында от жақпау, құрғақ шөп пен қоқысты өртемеу, темекі тұқылын толық сөндіру және табиғат аясында демалғаннан кейін отты толық өшіру қажет. Кез келген өртті дер кезінде хабарлау адам өмірін, табиғатты және материалдық құндылықтарды сақтап қалудың басты кепілі.

Өрт қауіпсіздігі – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Алдын алу шараларын сақтау арқылы ғана табиғатты қорғап, төтенше жағдайлардың алдын алуға болады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.